Шыңғысханның Бөрте деген әйелі ҚОҢЫРАТ руынан болған
0
дауыс
Нақтырақ айтқанда Темірдің (Шыңғыс ханның) руы "Жалайыр"(Жалайырдың шын есімі Мерке,Ұлы жүз)Мерке тайпасынан шыққан.Жалайырдан Манақ-Орақты-Андас-Ор-Онтұр-Бәкір-Ұзық-Тор-Көк-Бөгде-Қара-Бұрық-Кер-Құмыр-Бұрыл-Шамшы-Тілеуберді-Қашау-Досан-Тұрымтай(атақты шешен болған)-Тұмағұл-Дін-Баян-Есугей-Темір(Шыңғысхан).Ол кезде Моңғол,Қазақ атауы әлі қалыптаспаған(болмаған).Әр тайпаларды ру атымен атаған.
Темірдің(Шыңғыс ханның) Жошы,Шағатай,Үгедей,Төле есімді төрт балалары болған.Темірді(Шынғысханды) алғаш ақ киізге салып төбелеріне Хан көтерген де Найман тауында(кейінірек Шыңғыс тау атанған)Дегелең төңірегіндегі Арғын,Алшын,Үйсін,Найман,Жалайырлар болатын.Бұл Хижра бойынша 605-ші жыл еді.
Темірдің (Шыңғысханның) 500 000 әскері болды,әскерді бастағандарыдың көбі біздің түркілер қазақтар еді.Темірдің(Шыңғысханның) қолында Моңғолдар да болды,олар бары-жоғы 4500 адам ғана.32 000 татарлар да бар еді.Шыңғыс ханның жарты миллион соғыс қолы тегіс Түркі тілінде сөйлейтін,450 мыңдайы Арыстың бес баласының үрім-бұтақтары болатын.Шыңғыс сауаты жоқ адам болған,оның барлық шешімі,өкілі Ұран-Майқы мен Тоқы бидің құптауынсыз жүзеге аспады. Шыңғысхан өте әділдікті ғана қолдайтын адам болды,әділетсіздікке жаны қас болды,әділетсіз шешім қабылдағандарды аяусыз жазалап отырған.Шыңғыс жер бетіне әділдік орнатуды көксеген,осы қазақ териториясының тұтастығын сақтаған.Ол жастайынан қара қытай басқыншыларына жаны қас болып өскен.Сондықтан қазақ даласындағы қалаларға қытайдың жымысқы тыңшылары барын естісе жермен жексен етіп қиратып тастайтын болған,бұның бәрі елін,жерін аман сақтау мақсатында іске асырған.
Темір ( Шыңғыс хан) шын негізінде Моңғол да емес,Қытай да емес.Адай да емес,Керей де емес,Найман да емес,Темір(Шынғысхан)Ұлы жүздің ҮЙСІН тайпасының ұрпағына жатады.(Тарихшы В.Белинский де қателеседі,ол мұнда ғана Шыңғысханың қазақ екеніне дәлелдер келтірген екен).
Ал мен бұл нағыз тарихты "Түп-тұқияннан өзіме шейін" атты 18 ғасырда өмір сүрген Шапырашты Қазбек бек Тауасар ұлының кітабын оқып,содан жазып отырмын.Бұл кітаптің түп нұсқасы қаншама жылдар бойы жер астына көміліп жасырынып жатқан,арабшадан қазақшаға аударылған.Кеңес өкіметінің кезінде бұл кітапты ашық жариялай алмаған көрінеді,Қазақтың тарихын ұмытқызу саясаты солай болған.
Осы өңделіп 1993 жылы басылып шыққан"Түп-Тұқияннан өзіме шейін"атты кітапты тауып оқысаңыздар жалғыз Шыңғысханды ғана емес,бүкіл қазақтың батырлары,хандары,билері жайлы білесіздер,жалпы Қазақ тарихын білетін боласыңдар.Бұл кітапты оқымаған адам,тарихты білем деп көкірегін қақпай ақ қойсын.