0 дауыс
4.8k көрілді
«Қала» - «Ерекшелік белгісі» қатынасын табыңыз

Қалалар: Дубай, Амстердам, Бразилиа, Веллингтон, Вольфсбург, Ла-Пас, Лондон, Манчестер, Маскат, Монровия, Норильск, Рейкьявик, Сантьяго, Улан-Батор, Эль-Кувейт.

Ерекшелік белгілері:

1. Дүниежүзінде халық саны бойынша ең ірі католиктік мемлекеті.

2. Сумен қамтамасыз етуде негізгі роль тұщыландырылған теңіз суы болып табылады.

3. Дүниежүзіндегі ең жоғары орналасқан миллионер-қала және астана.

4. Үш жарты шарда орналасқан қала.

5. Полярлық белдеудегі ең ірі өнеркәсіп кәсіпорыны бар қала.

6. Теңіз деңгейінен төмен орналасқан астана.

7. Дүниежүзіндегі ең солтүстіктегі астана.

8. Дүниежүзіндегі ең оңтүстіктегі астана.

9. Дүниежүзіндегі орташа жылдық температурасы ең жоғары астана.

10. Толық қиратқан жер сілкінісіне ұшыраған астана.

11. Дүние жүзіндегі ең биік қондырғы орналасқан қала.

12. Дүниежүзіндегі орташа жылдық теспературасы ең төмен астана.

13. Жауан-шашын мөлшерінің көптігімен сипатталатын қала.

14. Жіптер мен маталарға баға бекітілетін, дүниежүзіндегі мақта-мата саудасының әлемдік орталығы.

15. Автомобиль құрастыру жүргізілетін дүние жүзіндегі ірі конвейер орналасқан қала.

1 жауап

0 дауыс

Менің білетіндерім: 

7. Дүниежүзіндегі ең солтүстіктегі астана. - Рейкьявик

12. Дүниежүзіндегі орташа жылдық теспературасы ең төмен астана. - Улан Батор

13. Жауан-шашын мөлшерінің көптігімен сипатталатын қала - Монровия

8. Дүниежүзіндегі ең оңтүстіктегі астана - Веллингтон

3. Дүниежүзіндегі ең жоғары орналасқан миллионер-қала және астана. - Ла-Пас
 
6. Теңіз деңгейінен төмен орналасқан астана. - Амстердам

...