Менің ойымша компьютер деген сөзді аударып қажеті жоқ. Бұл сөздерді интернационалды сөздер қатарына жатқызып қоя салған дұрыс сияқты. Оны аударып алып, не қазақ, не өзге ұлт өкілі түсінбей әлек болып отырамыз. Компьютер орыс, ағылшын ж\е барлық тілде компьютер болып қала бермек.
Ал енді сұрағыңызға нақты жауап беретін болсам, оның қазақша аудармасы ЖОҚ.. ия солай...
Компьютер сөзі қазақшаланбайды. Себебі компьютер сөзі термин сөз. Латын тілінен алынған (computer). Естеріңізде болсын кейбір термин сөздер қазақша аударылмайды. Тек қазақ жазылады. Айырмашығылы сол ғана. http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Компьютер
Кішкентай інім "компитор" деп жүр ғой. Соныкі дұрыс шығар бәлкім...
Басқасының бәрін аударып, компьютер қалып па? Сондықтан, компьютердің қазақшасын іздемей-ақ солай пайдалана берейік. Ал енді, шынымен қазақ тіліне жандарың ашып отырса, автобуста, көшеде, дүкендерде, қоғамдық орындарда басқа ұлттың өкілдері немесе қазақтар орысша сұрақ қойса қазақша жауап беріңдер. Түсінсе түсінді, түсінбесе өз мәселесі.