Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңының 26-бабынасәйкес мүгедектердi тұрғын үймен қамтамасыз ету қарастырылған, мұны жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiлеген тәртiппен және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына орай:
1) тұрғын үйге мұқтаж мүгедектердi есепке қояды және олардың пайдалануына тұрғын үй бередi;
2) мүгедектерге немесе құрамында мүгедектер бар отбасыларға берiлетiн тұрғын үй-жайларды арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықтауды қамтамасыз етедi.
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерге ғимараттың қабатын, тұрпатын, жайлылық деңгейiн және тұруға қажеттi басқа да жағдайларын ескере отырып тұрғынжайды таңдау құқығы берiледi.
Тұрғын үй алуға есепке тұру үшін Тұрғын үй қатынастары туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 Заңының Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер беру шарттары туралы 67 бабына сай болуы керек:
Онда коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде (тұру мерзіміне қарамастан) тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына, яғни мұның ішінде 1 және 2 топтағы мүгедектер де кіреді, тұрғын үй беру туралы өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын (15817*3,1=49032.7 теңге), халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі делінген.
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және мүгедек балаларға қолданылмайды;
Міне сіздің толықтай есепке тұру арқылы үй алуыңызға әбден құқылысыз.
Біріншіден бұл сіздің Конституциялық құқығыңыз, Ата заңның 28-бабында Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негiздерде оған ең төменгi жалақы мен зейнетақының мөлшерiнде әлеуметтiк қамсыздандырылуына кепiлдiкберiлетіні көрсетілген.
Ал мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнаманы бұзу, 87-1-ші Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің бабымен жауапкершілікке тартылмақ
Лауазымды адамның және заңды тұлғаның, осы Кодекстiң 18-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнаманы бұзуы, -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға - жетпiстен екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Егер аталған орган есепке қоюдан бас тартса, Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесіне жүгініңіз. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің аумақтағы бөлімдерімен хабар алысыңыз.
Сізге жоғарыда аталған актілерді негізге ала тұрып, құқығыңызды пайдалану мүмкіндігі бар!
https://surak.baribar.kz/95368/%D0%BC%D2%AF%D0%B3%D0%B5%D0%B4%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%B3%D0%B5-%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%BF%D1%8B%D0%BD%D0%B0%D0%BD-%D0%B1%D0%B5%D1%80%D1%96%D0%BB%D0%B5%D1%82%D1%96%D0%BD