Менің атақты жерлестерім тақырыбына шығарма керек?

+2 дауыс
1.8k қаралым
Сәлеметсіздерме! Маған 16 шы қарашаға дейін " Менің атақты жерлестерім" ( Павлодар өңірі ) тақырыбына шығарма жоспарымен және эпиграфымен керек болып тұр. Тауып берулеріңізді өтінемін..
• Санаты: Үй тапсырмасы

3 жауап

0 дауыс
Сыр өңірінен болғаныңда, іздеу оп-оңай болар еді ))
0 дауыс
Павлодардан атақты ешкім жоққо шығарма жазбай ақ қой ))  Иван Ивановичті таним тек, бірақ ол ішіп кетті.
+1 дауыс
қателесесіз Павлодар облысынан шыққан дарынды, танымал тұлғалар бар. Мәселен,

Қалқаманұлы Бұқар Жырау (1693-1787) - жырау, философ, қоғамдық қайраткер, әнші, хан кеңесшісі, ауызша - ақындық шығармашылықтың шебері. Бірлікке және біріккен хандық жасауына үздіксіз үндеді.

Потанин Григорий Николаевич (1835-1920) - публицист, географ ғалым және этнограф, қоғам қайраткері. Қазақстанды зерттеу үшін ірі саяхаттарға шықты, 500-ге жуық ғылыми және публицистикалық тұрғыдағы жұмыстары жарық көрді.

Сәтбаев Қаныш (1899-1964) - ғалым және қоғам қайраткері, ұйымдастырушы және Қазақстан ғылымдар академиясының бірінші президенті. Геология - минералогия ғылымдарының докторы, профессор, СССР ҒА-ның академигі, Қазақ ССР ҒА-ның академигі, Лениндік сыйлықтың лауреаты, СССР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Сәтбаевтың есімімен Жезқазғандағы тау - металургиялық комбинат, Қарағанды мен Балқаштағы металургиялық завод, Ертіс - Қарағанды каналы, республиканың минералды - шикізат базаларының ірі нысандары байланысты.

Марғұлан Әлкей (1904-1985) - ғалым-археолог, Қазақстандық археологиялық мектептің негізін қалаушы, тарихшы, этнограф, әдебиет зерттеушісі, өнер зерттеушісі, филологиялық ғылымдардың докторы. Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақ ССР ҒА-ның академигі.

Өмірұлы Жасыбай (18 ғасырдың 1-ші жартысы) - батыр, қазақтардың жоңғарлар шапқыншылығына қарсы шабуылудағы азаттық күрестің жетекшілерінің бірі. Баянауыл даласын азат етуде қаза тапты. Оның атымен Баянауыл көлі аталған.

Малайсары (1700-1756) - орта жүз батыры, Абылай ханның серіктестіктерінің бірі. Қазақ-жонғар соғысын тоқтауға көп күш жұмсады.

Айманов Шәкен (1914-1970) - актер, режиссер

Бектұров Әбікен (1901-1985) - академик, техникалық ғылымдардың докторы

Цефт Адриан Лукоянович (1904-1971) - академик, техникалық ғылымдардың докторы

Бекмаханов Ермұхан Бекмаханұлы (1915-1966) - тарих ғылымдарының докторы, профессор

Бейсембаев Серікбай Бейсембайұлы(1912-1990) - тарих ғылымдарының докторы, академик

Шөкин Шапық (1912-2003) - техникалық ғылымдарының докторы, академик

Шанин Жұмат (1892-1938) - режиссер, драматург, қазақ ұлттық театрының негізін қалаушылардың бірі

Кенжетаев Кәукен (1916-2008) - Қазақ ССР-ның халық әртісі

Ұқсас сұрақтар

127,777 сұрақ
322,353 жауап
153,150 пікір
72,815 қолданушы