Алманың суын қысып шығарып, оған лимон мен бал, 1 ас қасық ұн қосып, қою етіп араластырып, бетте 30 минут ұстаса, бет біршама ағарады. Сүзбе жағу да дұрыс. Күрішті қайнатып, күріштің суын ішсе де бет ағарады. Ешқашан жылтырамайтын, тотыққан терілерге бетті тазалап жуғаннан кейін күріштің суына бал қосып маска жасап, оны дәкемен 30 минут тартса, бетке дымқылдық пен ажар сыйлайды дептi...