1. Полярлық күн мен полярлық түннің полюс жағынан таралуын шектейтін 66,5 ° ендік параллельді полярлық шеңбер деп атайды.
2. Тропиктер (гр. tropikos (kyklos) - бұрылыс шеңбері) – Жер шарының экваторынан солтүстікке және оңтүстікке қарай 23`27` қашықтықта орналасқан жер бетіндегі екі жорымал параллель шеңбер.
3. Бедер- көрінісі, мөлшері, пайда болуы, жасы және даму тарихы жағынан әр түрлі жер беті пішіндерінің жиынтығы
4. Эстуарий (лат. aestuarіum – өзен сағасының су басатын бөлігі) – өзеннің теңіз жағасына қарай кеңейген сағалық бөлігі.
5. Климат (гр. κλίμα (klimatos) — еңкейіс) — белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен оның бір ізбен өзгеріп отыруы.
6. Халықтың табиғи өсімі — белгілі бір уақыт аралығында туылғандар (N) мен қайтыс болғандардың (M) саны арасындағы айырманың абсолюттік шамасы.