+3 дауыс
1.9k көрілді

Қазақстан ұлттық қорында қанша теңге бар ма? Қазақстан ұлттық қорының мақсаты неде? Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жолдауында айтқан Ұлттық қордан жұмсалатын ақша деп айтып қалды. Ұлттық қордағы қаражат көлемі, Ұлттық қордың құрылуың мақсаты неде?

3 жауап

0 дауыс

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негізгі мақсаты мен  қағидаттары

Ұлттық қордың негізгі мақсаты болашақ ұрпаққа арналған жинақтарды қалыптастыру және республикалық бюджеттің әлемдік шикізат нарықтарындағы жағдайға тәуелділігін төмендету арқылы қаржы ресурстарын жинау болып табылады. Осылайша, Ұлттық қордың функциялары жинақтау және тұрақтандыру болып табылады.
Жинақтау функциясын орындау үшін Ұлттық қорда азайтылмайтын қалдық белгіленеді, сондай-ақ Ұлттық қордың ең жоғарғы мөлшеріне шек қойылмайды. Тұрақтандыру функциясын іске асыру республикалық бюджетке кепілдендірілген трансфертті қамтамасыз етуді көздейді.
Тұтас алғанда, Ұлттық қор қаражатын бөлудің ашықтығына қол жеткізу үшін олар ел экономикасына республикалық бюджет арқылы ғана жіберілетін болады.
Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану мынадай қағидаттарға негізделетін болады:
транспаренттілік - Ұлттық қордың бекітілген (нақтыланған, түзетілген) көрсеткіштерін, Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру туралы және пайдалану туралы есептерді, Ұлттық қордың қаражатын инвестициялық басқару туралы есептерді міндетті түрде жариялау;
толықтық - Ұлттық қор туралы есептілікте Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды көрсету;
уақтылылық - Ұлттық қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке алу және оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі Үкіметтің шоттарына тиісті нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіпті сақтай отырып мерзімінде аудару;
тиімділік - Ұлттық қорды тәуекел деңгейі орташа болған жағдайда ұзақ мерзімді перспективада активтерді сақтау мен кірістілікті қамтамасыз ету қажеттілігіне сүйене отырып басқару.

Толық ақпарат: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U100000962_

Ұлттық қор қаражаты 2017 жылға қарай 121 млрд долларға жетеді - М. Құсайынов. Ортамерзімдік кезеңдегі болжамға сәйкес,  Ұлттық қордың активтерін 2017 жылға қарай 121 млрд долларға немесе ішкі жалпы өнімнің 36,2 пайызына жеткізу жоспарланады.

Бұл туралы бүгін Сенат депутаттарымен кездесу барысында Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов мәлім етті.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, алдағы уақытта мұнайдан түсетін кірістерді одан әрі Ұлттық қорға аударып, ондағы қаражатты пайдалануды шектеу көзделеді.

«Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің шешіміне сәйкес, 2015-2017 жылдар аралығындағы кепілдендірілген трансферт жыл сайын 1,702 трлн теңгеге ұлғаяды.  Ал 2014 жылғы республикалық бюджетті нақтылау барысында Ұлттық қордан бөлінетін бірінші транш 500 млрд теңгені құрағаны белгілі, бұдан бөлек, қосымша 325 млрд теңгеге нысаналы трансферттер қарастырылады. Оның 250 млрд теңгесі Проблемалық кредиттер қорын қаржыландыруға, 50 млрд теңгесі Арнайы экономикалық аумақтар құрылысына, 25 млрд теңгесі индустриялық-инновациялық жобаларды дамытуға жұмсалады», - деді Марат Құсайынов.

Оның айтуынша, мұнай кірістерін қосымша пайдалану барысында Ұлттық қор қаражатының жинақтау функциясын сақтау үшін ондағы төмендетілмейтін қалдық көлемі ІЖӨ-ге 20 пайыздан 30 пайызға дейін арттырылған. 

+1 дауыс
Ол былайша айтқанда қара күн ("на черный день") үшін жиналған ақша. Оны жұмсайын деп отырса қазір Қазақстанның экономикалық жағдайы онша мәз болмаса керек.
0 дауыс
Қазақстан Республикасы бюджетінің үнемделген қаржылары бірнеше қорларда бөлек-бөлек жиналады. Олар Алтын-валюта запасы, Ұлттық қор, Даму қоры, халықаралық қорлар. Сонымен қатар Зейнетақы қорында, Банктердің депозиттерінде да ел тұрғындарының миллиардтаған теңге қаржылары сақталуда.
...