+1 дауыс
6.3k көрілді
Зомби деген не? Қайдан шыққан ұғым?

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Негізі «зомби» сөзі конголездердің «тірі өлік» деген сөзінен шыққан дейді. Яғни сыйқыршылар өлген адамдарды тірілтіп, көрлерінен тұрғызып, өздеріне қызмет еткізеді-мыс. Вуду діні өзінің осындай ерекшеліктерімен, әсіресе, АҚШ-та өте танымал. Еер әлем бойынша 10 млн. вуду бар делінетін болса, олардың бәрі де өз Құдайларымен би арқылы тілдеседі екен. Өлген адамды тірілту туралы аңыз-әфсананы былай қойғанда, тірі адамның өзін тірі өлікке айналдырудың да  мын сан амалын білетіндер осылар екен. Яғни сыйқыршы өзінің құрбандығының үйіне келіп, есік арасындағы саңылау арқылы оның жанын жұтып алып, жанды бөтелкеге салып қояды. Жансыз қалған адамды жерлейді емес пе, сыйқыршы сол жерленген түні барып өлікті қазып алып, оның мұрнына бөтелкедегі жанды аз  ғана жақындатып, оған тек жанның жартысын ғана енгізеді. Денеге жан бітіп, қимылдауы үшін осының өзі жеткілікті болатынын ата-бабасынан бері білетін сыйқыршы дуа жасап, тірі өліктің миын жуып-шайып, өз өткені туралы естелігінің бәрін ұмыттырады. Болды,  сыйқыршы өзі үшін ең тамаша жұмыс күшін тапты, енді тірі өлік оның бар айтқанымен ғана жүріп-тұратын болады. Осының бәрін оқып отырып, далбаса деп, сандырақ деп қолыңызды бір сілтеуіңіз де мүмкін, бірақ, аз ұлыстардың ежелгі ескі аңызы ізімен шығарылған  ертегі десек те, зомбилар болған деседі. Біреулері жоғалса, келесілері пайда болып отырған деседі. Гайтян деревняларында әлі күнге бір-екі тірі өліктерді кездестіруге болады деген біз үшін тым қисынсыз да шығар. Дегенмен, бұл құбылысты қарапайым түсіндіруге болады. Гаити өте кедей республика санатында. Бұл жерде психиатр деген мамандық, жүйке жүйесі ауруларын емдейтін  ауруханасы жоқ. Жүйкелерінде ауытқушылығы бар, ақыл-есін жоғалтқан  адамдар қаңғалақтап өздері қалаған жерде жүре береді. Кейбір отбасылар мұндай бейшараларды тамақ беріп жұмсап, пайдаланатын көрінеді. Тіпті ғалымдар кейбір зомбилердің ДНК үлгісін алып зерттеп көріп, олардың өздері қызмет қылып жүрген отбасыларына ешқандай қатысы жоқтығын анықтаған. Американ ғалымы Ю. Девис адамды зомбиге айналдыру үшін арнайы дайындалған  ұнтақталған у пайдаланылған деген қорытындыға келген. Бұл әсері қатты уды жасауға фугу деген улы балықтың уы, улы жыланның сілекейі пайдаланылған, ұнтақ аз-кем уақыт тыныс алу жолдарын бітеп,  жүрек соғысы мен қан айналымының жұмыстарын бұзып, адамды әне-міне жан тәсілім етердей күйге түсіргенімен, 1-2 күн қиналған адам қалпына келгенде оның миы қатты зақымданып, жадын жоғалтқан адам өзі туралы ештеңе білмей шығады, сонымен бірге сөйлеуі де бұзылады.

Шыңғыс Айтматовтың "Боранды бекетін" оқысаңыз сонда бар.....
0 дауыс
Зомби дегеніміз- мыс:көптеген кинолар зомбилер туралы,оны талай көргенмін.Мыс:Белгілі бір жабайы иттер тістеп алса,қан арқылы жұғатын құтырма аурумен ауыратындарды зомбилер дейді.Киноларда көбіне былай болады.Кино басталады.Басты рөлде қыз бен жігіт болады.Бір адамды қасқыр немесе ит тістейді.ОЛ адам күн өткен сайын өзгере бастайды.Денесіне жара шығады,тістер шығады,көзі қысқарады,сосын көшеде адамдар кетіп бара жатса тістейді,сосын қан арқылы жұғады,сосын жаңағы адамда зомби болып кетеді.түнде қуыстарда топ-топ болып жүреді.Олар әлсіз болады,жүрістері қорқынышты болады.Сосын басты рөлдегі қыс бен жігіт оларға кезігіп қалады,қашады,енді олар жоюды адамдарды құтқаруды көздейді,Ақыр соңында бір қоймаға барлығын жинайды,сосын соңында бензин төгіп барлығын өртеп ақыр соңында әлгі қыз бен жігіт тірі қалады.Қосылады.Не болмаса кей киноларда қыз немесе жігіт зомби болады,өледі не болмаса емделіп тірі қалады.Бар болғаны осы.Зомби деген осылар.Бірақ қазіргі өмірде зомбилер жоқ,өтірік.Жай фантастика!Бірақ құтырма аурумен ауырып өліп жатқандар бар.
қайталанған жауапты немене пехать етіп отсың.
Қайталанған сұрақты қайта неге қойып тұрсың,
мағынасы сәл басқалау зза то
Ұлдар деген осылай майдаланып барады.....
+1 дауыс
Зомби сөзінің қазақша баламасы - мәңгүрт. "Мәңгүрт" (манкурт) сөзін Шыңғыс Айтматов шығарған.
0 дауыс
Зомби дегенин мангурт деген соз гой.
0 дауыс
Зомби бізге құлағымызға сіңіп қалаған біз оған сенбейміз .Бірақ зомби бұрындары болған деседі .Зомбилер туралы көп кинолар және фильмдер өте көп бірақта зомбилерді әр кинода , фильмде әр қалай сипаттайды .Бір кинода ол тістече қан арқылы жұғып жатады ал кей біреуінде вирус болып ауа арқылы жұғады бірақ біз ол өтірік па шынба білмейміз.Зомбилер туралы анық мәліметтер жоқ .Алайда бір ғалымның өзі бізге келіп зомби болған дече де сенбейтін күйдеміз.Бірақта зомбиге балама сөз мәңгүрт олар бұрында да болған және қазірде бар .Зомби мәңгүртке қатты ұқсайды есін білмейді, адамдарға шабуылдайды өзінің кім екенінде білмейді осы жақтары ұқсас бірақ мәңгүрттерді киноларды жанама қылып оларды жауыз ғып жәнеде қан жосағып  көрсетеді .Мінекей зомби мәңгүрт сөзінің баламасы .Өздеріңізде салыстырып көріңіздер . Тек киноларда мәңгүрттерді өзгертіп көрсеткен.
...