0 дауыс
35.7k көрілді
"Мен қазақ қыздарына қайран қалам" атты тақырыпқа Шығарма жазып беріңіздерші!

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақтың қызы – қастерлі, аяулы жаратылыс. Шырайлы жүзіне шуақ тұнған қазақ қызының ғасырдан ғасырға жеткен қадірлі, кәусар образы болатын. Әйгілі Мұхтар Әуезовтер «Адамдық негізі – әйел» деп мақала жазғанда осындай ардақты жандар үшін шырылдады. Жүсіпбек жазатын қорғансыз Ақбілек, Бейімбат жазатын шарасыз Күлпан, Ғабит Мүсіреповтің ел анасы Ұлпаны, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің қайшылықты Ақбаласы, Ақанды ынтық еткен Ақтоты мен Біржанға арман болған Ләйлім шырақ, кешегі Жұматай жырлап өткен қол жетпес Ләйлә – бәрі де қазақ қызының, қазақ анасының сан қилы қасиеттерінің бір-бір жарқын көрінісі еді. Заман құбылды, қоғам ауысты, қазақ қызының болмысы мен бітімі де өзгеріске ұшырай бастады. Бұрынғы биязы да кербез, көрікті де мінезді сұлулардың орнына бетпақтықты батырлық деп түсінетін, сөз тиді екен деп ауызға келгенді ақтара салатын келте ақылды бикештер келді.

мына сілтемеден көріңіз мүмкін көмегі тиіп қалар http://massaget.kz/arnayyi_jobalar/8-nauryz-2013/7990/

және http://www.altyn-orda.kz/kz/%D2%9Baza%D2%9Bsha-men-%D2%9Baza%D2%9B-%D2%9Byzdaryna-%D2%9Bajran-%D2%9Balam/

...