ІМЕІ коды бойынша табады. 12 сағат ішінде тауып бере алады. Жалпы, ресми деректер бойынша елімізде бұл саладағы ұрлықтардың тек 26 пайызы ғана ашылған көрінеді.
Ол үшін ең алдымен, ұялы телефонды жоғалтқан жағдайда оны басқалар қашықтықтан қолданбас үшін құрылғыны құлыптап тастаңыз. Сондай-ақ құлыптауды мобильді құрылғыңыздың экранында хабар шығатындай етіп орнатыңыз. Осы орайда «ұрланған телефонды қалай құлыптап тастауға болады?» — деген сұрақ туындайды. Сондықтан телефонның сериялық нөмірін білу үшін *#06# санын тересіз. Сол кезде экранда 15 саннан тұратын құпия код шығады. Осы бір құпия кодты сақтап алыңыз да, қауіпсіз жерге жазып қойыңыз. Егер сіздің телефоныңыз ұрланатын болса, өзіңіздің телефон операторыңызға қоңырау шалып, аталған құпия кодты хабарлайсыз. Оператор сіздің телефоныңызды бірден оқшауландырады. Сосын, тіпті, СИМ-картаны ауыстырған күннің өзінде де ол телефонмен қолдану мүмкін болмайды. Бәрінен бұрын, сіз телефонды қайтара алмағаныңызбен, есесіне, оны ұрлаған жанда пайдалана алмайтыны айдан анық.