Ләззат бір сәттік. Ал бақыт өмірлік. Айырмасы сол қарапайым тілде.
Меніңше ләззат бақыттан бір саты төмен тұрады. Тамақтың дәмінен, әсерлі кітаптан, әсем әннен алған ләззатты бақытқа теңеу - бақыт ұғымын тым төмендетіп жібереді. Бақыт анағұрлым биік әрі тұрақты нәрсе сияқты. Сондай-ақ ләззатты адамдардың бәрі сезе алады, өзінің ләззат алғанын айқын біледі, бірақ бақытты екенін әрдайым байқай алмайды.