0 дауыс
802 көрілді

      Алғашқы Махаббат!

Жаздың бітіп, күздің келген кезі еді,

Ғашықтықтың келгендей ме кезегі.

Ақылым сезбесе де сезімді,

Жүрек шіркін барлығын да сезеді

 

Сол күн оның алатын кеші еді

Балалықты ұмыттым ғой кешегі

Өзгерістің әсерінен жүрегім

Тек сен оны (шын сүйесін) деседі

 

Сазды әуен, жүрегімді тербейді

Амалсыздан ойға маза бермейді

Ақылым тоқтап қойып жүрегіме

Бұл сезімің уақытша деп сенбейді

 

Бұрын соңды ғашық емес едім мен,

Өзге жанға қарамаушы ем сеніммен

Мәңгілікке болсам деумен келемін

Ғашық болған ханзадамдай теңіммен.

 

Жүрегімді шолып кеттің сол  күннен

Атқан таңдай ғажап сұлу көркіңмен

Қимастықпен қарасам да мен саған

Бақытымды сезгендеймін күлкіңнен

 

Уақыт өте іздедім мен агенттен 

Сені ойлаумен айырылдым тәбеттен

Айтар едім барлығын да сол күні

Сезбедің ғой сезімімді қап әттең

 

Сені ғана сүйгенімді бәрі білді

Маған десең білсін дағы әлем күллі

Ғашық болып көрмегендер ақыл айтып

Жұлдызға ғашық болма десіп күлді

 

Жұлдыз екен деп сүймедім мен сені

Қаладым мен жүрегіммен тек сені

Көре алмадым іздесем де қаншама

Сондықтан мен жүре алмадым мен еңселі

 

Ажарыңды сипаттамау мүмкін бе 

Тұнып тұр ғой махаббатың күлкіңде

Пәк жүрекпен сүйдім сені тек қана

Шын сүйгендер аз ғана ғой бұл күнде

 

Қатал тағдыр тексерді салып сынға

Сыннан өттім сүрінбей батып мұңға

Қиналсам да үмітімді үзбедім

Жетемін деп бақытыма, биік шыңға 

 

Өтті талай күндерім жылауменен

Бейнеңді елестетіп құрауменен

Бұйыртсын деп тіледім мен өзіңді

Жаратқаннан жалынып сұрауменен

 

Сен болмасаң аспанымды бұлт басқан

Қараңғыны жүзің сенің күрт ашқан 

Күнде күліп жүрсең менің қасымда

Айналамнан қара түнек бұлт қашқаны

 

Естісең ғой жүректегі дүрсілді

Ойға шомып, терең үнсіз күрсінді

Жүрегім саған деген махабаттан

Пәк сезімнің не екенін түсінді

 

Көп қиналдым шыны керек қаншама

Талай айтам мұңымды мен баршаға

Періштесін ұмыттырар барлығын 

Көрген жандар қарайтындай тамсана

 

Жанып тұрған оттсайсың қол күйетін

Мөлдірейді көздерім шын сүйетін 

Қорғап жүргім келеді сені сақтап

Моншақтайсың тек өзіңе көз тиетін

 

Сағыныштан ағыл-тегіл көз жас ақты

Қиналмаса кім өмірден бақыт тапты

Көніп келем барлығына міне алі

Бақыт келер болса егер басы қатты

 

Сен оған тең емессің бай дейді

Құндыларды ұмыт оны ай дейді

Жүрегімді түсінбейтін адамдар

Сонда оған қандай жанды сай дейді

 

Қиын кезде демеу болар ешкім жоқ

Махабаттың азаптарын кештім көп

Жүрегімде сақталған сенің бейнең

Көз алдымда елестейді кескін боп

 

Періштесін сынығындай асылдың 

Қайталанбас жанысың ғой ғасырдың

Қарамастай жүректі үрей билеп

Үнсіз саған айталмай жасырдым 

 

Түсіп қалған жапырақтай қураған

Түпсіз күдік ой санамды улаған

Батылдығым жетпесе де жүрегім

Сезіміңді жасырма деп тулаған

 

Жан жүрегім тасынады теңіздей 

Төзімім де таусылмайды сені іздей

Жыласа да қайсар мына жүрегім

Жеңем дейді қайғы мұңға беріспей

 

Қолым жетсе жүрегімді арман жоқ

Істер ісім амалымда қалған жоқ

О тәңірім шын сүйемін мен оны

Сөздерімнің ішінде еш жалған жоқ

 

Кетпейді әнім сенің құлағыңнан

Тайқымайды жүрегім бір ағымнан

Өлеңменен сырымды аштым мен бүгін

Жалтармашы менің қойған сұрағымнан

 

Сол бір күннен жұректесің қалқам-ау

Қиын екен сезім жүгін арқалау

Қиын екен қар мен жаңбыр секілді

Тағдырымның дауылдары тарқарамау

 

Өткелдерім қатпар-қатпар таулардай

Өте алмайтын шеңгел-шеңгел таулардай

Ұмыт сені деп айтатын өзгелер

Көз алдыма көрінеді жаулардай

 

Шықпайсың күндіз ойдан, түнде түстен

Бойымда демеу болар үміт үстем

Қиналсам да білдірмеуге тырысып

Сырттай күліп жүремін тынып іштен

 

Күнде-күнде қайталанып бұл ісім

Әлсіредім сарқылғандай бар күшім

Сөйлесемін жансыз кескін бейнеңмен

Жауабы жоқ себебі ол жай мүсін

 

Ұйқы көрмей оянамын мың түнде

Ойламайтын кездер болмас бір күнде

Тым болмаса осылайша жанымда

Жұбататын түстерімде жүр күнде

 

Ай-жүрегім тыңдамайды ешкімді

Өткізсем де тек сенімен деп бес күнді

Сені іздеумен шапқылаған пәк жүрек

Жұбайыңның бар екенін кеш білді 

 

Қалай бақыт тілеймін сүйе тұра

Аға деймін өртеніп күйе тұра

Түсін мені сағынамын сүйгендіктен

Жан-жарыңның бар екенін біле тұра

 

Жоқ сенбедім мүмкін емес бәріде

Естен таңдым бойдақсын сен алі де

Жұбатпақ болып айтты маған барлығы

Ұмыт оны "сенен үлкен кәрі" деп

 

Несі кәрі он жас қана сондағы

Періштем ау нарым едің қолдағы

Шырылдаған жүрегімді түсінсең

Дауыл боран аязда да тоңбады

 

Не айтайын бұдан басқа тағы да

Сұрақтарды мен өзіңді сағына

Өзгермеген бұл тілегім әлі де

Жазылсаң ғой шіркін менің бағыма

 

Сүйгеніме үш жылға да таяды

Кімдер жақта кімдер нені аяды

Асаным Періштем деп атайтын

Пәк сезімім өзгермеген баяғы

1 жауап

0 дауыс
Бұл өлеңді өзіңіз шығардыңыз ба?
...