Жас жігіттердің басым бөлігін әскери қызмет қызықтыратыны белгілі. Олардың қатарында «өрт сөндіруші – құтқарушы» мамандығына қызығушылық танытып жатқандар аз емес. Бұл мамандық ең игілікті деп бекер айтылмаған, себебі өрт сөндіру, адамдарды құтқару нағыз ерлік. Қиын әрі аса қауіпті жұмыс болғанымен, көптеген ер-азаматтар осы мамандықты таңдауда.
ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты – еліміздегі құтқарушыларды дайындайтын жалғыз жоғары оқу орны болып табылады. КТИ «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша сырттай және іштей оқу түрінен өрт қауіпсіздік бакалавр біліктілігі берілу арқылы жоғары кәсіпті мамандарды даярлайды. ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтына қабылдау және іріктеу Ережесіне сәйкес институттың іштей оқу бөліміне Қазақстан Республикасының 25 жасқа дейінгі және оқу жылының басына дейін 17 жасқа толған, орта және жалпы орта білімі бар, әскери қызметке денсаулығы жарамды, оқуға түсерде емтиханды (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, физика және математика пәндерінен) жетістікпен тапсырған және сайыстан мүдірмей өткен азаматтар қабылданады.
Институтта іштей оқу мерзімі 4 жыл. Бұл шұғыл әскер қызметке теңеледі. КТИ курстанттары республикалық, облыстық және қалалық спорттық, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Ұлы Отан соғысы және Ауған соғысы ардагерлеріне арналған әскери шерулерінің тұрақты қатысушылары қатарында. Ал «Отпетые пожарные» атты КТК (КВН) командасы үнемі жүлделі орындарды еншілейді.
Іштей оқуға түскен азаматтар казарма тәртібі бойынша мемлекет есебінен тамақтанумен, шәкіртақымен қамтамасыз етіліп, жақсы жабдықталған жатақханада тұрады. Оқуды тәмамдаған соң, түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріліп, арнайы «Өртке қарсы қызмет» лейтенанты атағы беріледі. Түлектер әрі қарай ҚР ТЖМ органындарында және бөлімшелерінде қызметін жалғастыру үшін жолдама алады. Еліміздің тыныштығын қорғау – әр азаматтың міндеті.
Құрметті талапкерлер, еліміздің болашағы біздің қолымызда! Дұрыс таңдау жасаңыздар! Барлық сұрақтар бойынша: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 22, ТЖД,телефон: 32-01-88 кадрлар бөлімі, 55-96-60 баспасөз қызметі, e-mail: pressa.dchs.astana@mail.ru А.Мылтықбаева Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Мемлекеттік Университеті «Журналистика» кафедрасының 4 курс студенті