+1 дауыс
35.1k көрілді

1 Желтоқсан Тұңғыш президент күні шығарма, тәрбие сағаты бар ма?

1 Желтоқсан Тұңғыш президент күні

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) – тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті. Туып-өскен жері-Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы. Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын (1967), Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін (1976) бітірген. Экономика ғылымның докторы, академик. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1969 жылдан бастап комсомол және партия жұмысына ауысты. Жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерді 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланған кезден атқара бастады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасы (1984-1989), әрі Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі (1990-1991), Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан-сәуір айлары) болып қызмет атқарды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде Н.Ә.Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ең алғашқы Президенті етіп сайлады.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті ретіндегі қызметінің заңға сәйкес екенін 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлау одан әрі орнықтыра түсті. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауының Қазақстан Республикасы болып өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті лауазымымен қызметке кірісті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың Дүние жүзі Қауымдастығының Төрағасы. Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және басқа да бірқатар шет елдің жоғары ордендері мен медальдарымен марапатталған. Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған Қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі. Ол ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы. Ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың ең елеулісін тап басып тани алу, ел ішіндік және әлемдік ахуалдармен санаса отырып ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдалған бағытын табандылықпен жүзеге асыру- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басты қасиеті. Н.Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз Қазақ елінде дүниежүзілік-тарихи маңызы бар істер атқарылды. 1991 жылдың күзінде 40 жылдан астам уақыт бойы адамзат баласына от бүркіп, апат қауіпін төндіріп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. 459 ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге тыншыды. Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін ту еткен Н.Назарбаев Америка Құрама Штаттарының, Ресейдің, Францияның билеушілерімен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан аластауға 1994 жылы келісті. Бұл біз үшін өтеуі қымбат келісім еді. Өйткені ядролық державалар (АҚШ, Англия, Россия, Қытай, Франция) Қазақстанның тәуелсіздігіне, егемендігіне және бүгінгі шекараларының өзгермейтініне құрметін білдірді, Қазақстанның тәуелсіздігіне территориялық біртұтастығына қарсы күш қолданбауға міндеттенді, Қазақстанға экономикалық қысым көрсетуге бармайтынын мәлімдеді. 1995 жылы соңғы ядролық қару Қазақ елінен әкетілді. Осылайша адамзат тарихында тұңғыш рет жойқын қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет пайда болды. Президент Н.Назарбаевтың көптеген бері қолға алып, практикаға енгізіп келе жатқан іргелі идеясы-Еуразиялық одақ құру. Бұл, әрине, бұрынғы Кеңестер Одағын тірілту емес. Еуразиялық одақ қос құрлықты мекендеген мемлекеттер мен халықтар арасындағы интеграцияны жаңа сапалы биіктікке көтеру. Алғашқы нәтижеге де қол жетті. 2000 жылдың күзінен бері бес мемлекеттің басын қосқан еуразиялық экономикалық одақ өміп сүріп келеді. ЮНЕСКО күнтізбесіне Абайдың 150 жылдық, М.Әуезов пен Қ.Сәтбаевтың 100 жылдық, Түркістанның 1500 жылдық мерейтойларының енуі, Париж бен Лондонда, Берлин мен Токиода Қазақ арыстарының аттары құрметпен аталып, ән-күйлеріміз бұрынғыдай жалтаңкөзденбей, барынша еркін, қуанышты көңілде шалқуы мәдениетімізді, өнерімізді, ғылымымызды ғана түлетіп отырған жоқ, санамызды, дүниетанымымызды, мінезімізді де жаңаша қалыптастыруда. Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды. Бірақ олардың ішінде екеуін атап өту керек. Біріншісі – 1997 жылы Президент Н.Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы, екіншісі –елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі. Үш ғасырға жуық уақыт бойы отаршылдықтың тауқыметін тартып, этнос ретінде шалажансар халге түскен Қазақ халқын ел етіп, ТМД елдерінің аясындағы ең көп тілді, көп конфессиялы Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жазылды. Бұл жолда да тәуелсіздікті тәу ететін, шынайы демократияға ұмтылған, ұлтаралық түсіністік пен достықты өмір салты еткен, болашағына сеніммен қадам басқан қазақстандықтардың символына айнала білді.

+1 дауыс

1 желтоқсан – тұңғыш Президент күні

Бүгін – елімізде тұңғыш Президент күні. 

2011 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Парламент сенатының отырысында "ҚР заңына толықтыру енгізу: "Қазақстан Республикасындағы мерекелер" заңы қабылданды. Тұңғыш Президент күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің Қазақ елі үшін жасаған еңбегін елеп, ескеру мақсатында күнтізбеге енді. 

Нұрсұлтан Әбішұлы 1990 жылдың сәуірінде Қазақ КСР-інің президенті болып тағайындалды. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет ҚР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, Н.Назарбаев 98,7 % дауыспен жеңіске жетті. 1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Президент Назарбаевтің өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлау нәтижесі бойынша Н. Әбішұлы 79,78% дауыс иеленіп, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды. 2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылар 91,5% дауыспен Н.Ә.Назарбаевті ҚР Президенті етіп қайта тағайындады. Ал 2011 жылы 3 сәуір күні кезектен тыс президент сайлауында Н.Назарбаев сайлаушылардың 95,5 % дауысын жинап, ҚР Президенті болып қайта сайланды.

Тұңғыш Президент күні елімізде көптеген шара ұйымдастырылып, мейрам ретінде тойланады.

0 дауыс

Сеңім де талай түсті-ау сергелдеңге,
Сын аз ба халыққа серт берген Ерге
«Елім»-деп шырқыраған Өзіңізді

Ұқсатам Күлтегіндей кемеңгерге-деп белгілі ақын Жадыра Дәрібаева жырлағандай, әлем картасынан орын алған Қазақстан атты жас мемлекеттің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - артынан ерген қалың елінің сеніміне ие болған, әлемге өзінің сындарлы саясатымен танымал болған тұлға.
«Атаның баласы болма,
Адамның баласы бол» -
деп ұлы Абай атамыз айтқандай, қарапайым қазақ отбасында туып-өсіп, тәрбиеленіп, ата өсиетін, ана ғибратын өмірлік азық еткен Елбасының ғажайып парасатты мен пайымы, ұлтжандылығы жас ұрпақ біздер үшін өнеге. Адамзат басына, күллі әлемге танымал болған осындай Елбасымыздың барына қуанышы да, мақтанышы да! Қазақ халқының қаншама жылдар, ғасырлар бойы ұлы арманы- тәуелсіздікке ХХ ғасыр соңында қантөгіссіз, дау-жанжалсыз қол жеткізгені әлемге аян. Айналадағы өзге мемлекеттерге кешегі бауырлас демінен одақтас республикадағы соғыстар, қантөгістер күні бүгінге дейін жалғасып отыр.Өзін өз ұлтына барлық Қазақстандарға ақыл-парасытымен, білімдарлығымен сыйлата білген Нұрсұлтан Әбішұлы халықаралық деңгейіндегі беделінің зор екендігі де күнделікті ақпарат көздерінен айқын сезіледі. Елбасымыз арқылы күллі әлем Қазақстанды тани түсуде. Елбасының шетелдерге әрбір сапары қанатымен су тасыған қарлығаштың тірлігіндей ел қамы екені даусыз. «Тәуекел болмаса, тәуелсіздік бола ма» деп сонау 1997 жылы Астанаға мемлекетіміздің басқала мәртебесін беруінің қандай ұжымды болғандығын айту жеткіліксіз емес пе? Елбасы еліне сенеді, елі Елбасына сенеді. Жас ұрпақ, біздер де ертеңемізді Елбасымыздың, оның нұсқаған басым бағыттары арқылы елестете аламыз. Еліміздің ауыр да сынағы мол жылдарды артқа тастады. Ендігі кезең жарқын жылдар болмақ. Мен осынау Елбасы туралы ойымды Нұрсұлтан Әбішұлының өз сөзімен аяқтамақпын.
«Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқып соғар желдер бар. Белде талар , желде беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек жас ұрпақ!!!»

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы,
Сарышаған кентіндегі ЖОББ мектебінің
8 «Б» сынып оқушысы Айту Ақерке

0 дауыс

Елбасы – тәуелсіздік тірегі.

Президент дегеніміз - өз елінің тәрбиелі тұтқасы.
Ж.Аймауытұлы

Жер бетінде елінің тәуелсіздігін, халқының бостандығын ойламайтын жұрт жоқ шығар. Бұл тәуелсіздік – біз үшін басқа қонған бақ, астына тиген тақ. Бақты бағалаған халықты бастайтын тақ иесі де болуы тиіс. Бұл – ежелден келе жатқан өмір заңы. Осыған байланысты ата тарихты ақтарсақ, ежелден ел басқарған ержүрек батыр бабаларымызды, ұлы хандарды кездестіруге болады. Күллі қазақ халқын өз туының астына жинап, үш жүздің басын қосқан Абылай ханды, елінің азаттығы үшін аянбай қан мен тер төккен Кенесарыны айтсақ та жеткілікті болар. Осы Ұлылардың жалғасы ретінде Нұр аға, Нұрсұлтан аға Сізді айтар едім.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп, өз алдына ел қылуда сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, қазақ халқының тұңғыш Елбасысы болдыңыз. Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі - халқымыз өз таңдауымен Ел Президентін сайлады. Сөйтіп, Сізге үлкен сенім артты, міндет жүктеді. Мұның мәнін біз жақсы түсінеміз. Сіз - елге, барша әлемге танылған, өмір мен еңбектің шытырман жолдарынан өткен, шыңдалған болашақты көрегенділікпен саралап, болжай білетін азаматсыз. Сіздің бастауыңызбен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты.
«Тәуелсіздік – ғажайып ұғым, мемлекетіміздің өз саясаты бар деген сөз», - деген едіңіз Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзіңізде. Халқы үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстанның келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенемін.

Мен - өркениет өріне қадам басқан еркін елдің өренімін. Өткенге бойлап, бүгінді ақыл-таразысына салып, баға беру, ғасырлар тоғысында өмір сүріп жатқан қазақ мемлекеті туралы өз пікірін айту - менің өз парызым сияқты.
Сіздің ел астанасын Сарыарқа төсіне көшірудегі көрегендігін қалай айтпасқа? Қазіргі Астана танымастай құлпырып барады. Күні кеше елімізге қонақ болып келген Рим Папасының өзі таңдай қағып, риза болып кетті. Ол кісіге көрсеткен сіздің кісілігіңіз, азаматтылығыңыз жас ұрпаққа, яғни бізге, үлгі өнеге.

Жаңа астанамыз бүгінгі күні өзінің зәулім құрылысымен ғана емес, рухани орталықтарымен де көркейіп келеді. Мұның бәрі – сіздің елеулі еңбегіңіз. Сіздің көрегендігіңіздің арқасында бүгінгі Қазақстан — әлемдік аренадан өз орнын ойып алған Азия мен Еуропаны мойындата білген өжет елдің мекені. Ел сенімі ақталды деген – осы.

Өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! Сол бейбітшіліктің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алған ерікті елдің еркін қызының бірімін. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын. Осы жақсылықтар мен игілікті істердің басында көрегендік пен басшылық қатар жүрген еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атамызға, яғни сізге балалық жүрегіммен рақмет айтамын! Тек мен ғана емес, ол талай баланың, жалпы Қазақстан халқының тілегі екеніне де күмәнім жоқ. Қуаныш пен жақсылыққа, бейбітшілік пен жасампаздыққа толы 20 жылға көз жіберіп қарасақ, ата-бабамыз бес ғасыр армандаған арманы орындалған екен. «Бітер істің басына, жақсы келсін қасына»,- деп дана халқымыз айтқандай, сол жұмыстардың дәл ортасында сіз жүрдіңіз.

Біз сияқты жастарға да сіз аса ерекше көңіл бөліп жүрсіз. Нақтырақ айтқанда, Көкшетауымның ең әдемі, еліміздегі таңдаулы мектептерінің бірі – Назарбаев Зияткерлік мектебі болып табылады. Отандық білім беру жүйесінің флагманы болып, осы заманғы оқу бағдарламасына сай бірегей құрылымды оқу орны болып табылатын – Назарбаев Зияткерлік мектебі жаңа заманғы құрылыс бойынша салынған, жоғары технологиялармен қамтамасыз етілген, жоғары дәрежелі оқытушылар білім береді. Мектеп физика-математика бағытымен ашылған. Физика мен математика барлық салалардың негізі болып табылады. Бұл ғылымдарды оқу, оларды зерттеу, олармен айналысу еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, дамушы елден дамыған елге айналуға, халықтың әл-ауқатын арттырып жақсартуға, жаһандық аренада ойып орын алуға мүмкіндік береді.

Болашақта мен өз мамандығымды физикамен байланыстырғым келеді. Еліміздің шикізатты өндірудің арқасында дамып келеді. Мұнай өнімі шет елдерге арзан бағамен тасымалдануда. Келешекте елімнің дамуы шикізаттың арқасында ғана емес, жаңа ашылған жобалар, патенттер дайын технологиялар енгізілген талдаулар ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, солардың дамуына қол жеткізу үшін еңбектенгім келеді. Қазіргі кезең - нарықтық экономика кезеңі. Экономиканы әр тараптандыру – табыс кілті. Осы мектепті тәмәмдаған соң энергетикалық зона орталығы, қайталанба энергетика, жоғары энергиялы физикамен, техника мәселелерімен айналысатын бағыты бойынша жаңа халықаралық университетте, бірегей оқу орнында, физика саласында алған білімімді одан әрі толықтырып, жетілдіріп, елімнің дамуына орасан зор үлес қосқым келеді!

Нұрсұлтан Әбішұлы, сіз «Тарих тоғысында» еңбегіңіздегі 1999 жылы Мұхтар Құл-Мұхаммедке берген сұхбатыңызда: «Мен Елбасы болсам да, қазақ деген атасын ардақтап, анасын сыйлаған, әруағын қастерлеп, Алласына сыйынған елдің бір перзентімін»,- деуіңізде де сіздің ұлылығыңыз мен көрегендігіңізді, кішіпейілділігіңізді айқын түсінгендейміз. Осы сөз кейінгі ұрпаққа қарапайымдылық пен ізеттіліктің әліпбиі болып қалмақ. Мен де осы ізгілікті үйрене отырып, ел тәуелсіздігі мен ел Президентін бөлек қарауға болмайтын ұғым екенін түсіндім. Жаңа ғасырда тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, дәуірлей берсін деген ақ тілегімді білдіремін. Мәңгі жаса, менің Қазақстаным! Мәңгі жаса, менің Елбасым!!!

Мен осындай данагөй, асыл қасиетке бай елде дүниеге келгеніме мақтанамын, мен қазақ екеніме шаттанамын және елімізді ел етіп, жерімізді жер етіп, өлшеусіз еңбек етуінің арқасында ұстап тұрған сізге ерекше ілтипатпен қараймын. Сіз туралы айта бергім келеді, толғай бергім келеді. Менің өмірімде сіздің орныңыз ерекше әрі бөлек. Сіз менің пір тұтатын адамдардың бірісіз. Біздің елді басқарып тұрған сіз сияқты Елбасының бар екеніне мақтанамын. Осындай жігерлі, қайратты, дана Елбасымен мақтанғанның өзі – бақыт. Сізге деген ыстық ықыласымды енді өзім шығарған өлең жолдарымен өргім келеді:

Ел басқарған Нұрсұлтандай атам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар.

Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады,
Аман болсын Нұрсұлтандай ер бабам.

Әлдилеп дала сырын, сан ғасырын,
Толқыған ұлы өзендер арнасымын.
Осынау қалың елім, жұртым деген,
Тілегі қабыл болсын Елбасының.

Бірлігін, қаншама ұлттың татулығын,
Айшықтап,
Ай-жылдарым жатыр бүгін.
Жебей гөр,
Көкте Тәңір,
Жерде халқы,
Қазақтың Нұрсұлтандай ақылды ұлын!

Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға басқан,
Құтты болсын «нұрлы жолы» Нұр атаның.

Көпшілігім кемімей толсын деймін,
Барлық елдің басына бақ қонсын деймін.
Келешекте Қазақстан Республикасы-
Орта Азияның «барысы» болсын деймін!!!

Елбасы байтақ елдің арысысың,
Елорда - Қазақстан намысысың.
Астанакүннен-күнге құлпыра бер,
Азияның теңдесі жоқ барысысың!

Ел болдық, ерік алдық астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі
Нұрсұлтанның атымен басталады.

Өткен ғасыр зардабымен қоштасып,
Келешекке шаттықпенен жол ашып,
Болашақтың асуына Нұрағаңмен
Жастар бірге барса екен қол ұстасып.

Қазақтың өрге тартты Нұрсұлтаны,
Жарқырап, атсын жайнап әрбір таңы.
Дамыған елу елге қосылам деп,
Ерен ер алға қарай бір шырқады.

Қазаққа Тәңір берген барлығын да,
Кең байтақ даланы да, таң нұрын да,
Ақылман Нұрсұлтандай нар ұлын да!..

Қазақпенен әрқашан мақтанамын,
Қазағым: «Аттан!» десе аттанамын.
Нұрсұлтаны бар елдің арманы жоқ,
Ойыма алған сайын шаттанамын.

Әйгерім ӘЙТІМ

0 дауыс

Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім – Қазақстан. Даласы, таулары биік өр, халқы мейірімді ғажайып өлке. Республиканың өз алдыма дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін алғанына биыл 19 жыл толғалы отыр. Осыны ойласам кеудемді үлкен қуаныш сезімі кернейді. өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! Алыс-жақын елдерде соғыс болып жатқанда, біздің аспанымыз ашық, өміріміздің бейбіт болғанына қуанамын. Сол бейбітшіліктің арқасында күліп - ойнап, еркін білім алып жүрген ерікті елдің қызының бірімін. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын. Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен ел Президенті сайлады. Оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді. Мұның мәнін біз жақсы түсінеміз. Әбішұлы Назарбаев Нұрсұлтан ата – елге, барша әлемге танылған, өмір еңбектің шытырман жолдарынан өткен, шыңдалған, болашақты көрегенділікпен саралап, болжай білетін азамат, өткенінің өзі – көпке үлгі болар өмірбаян. Нұрсұлтан Әбішұлы Алатаудың бауырында дүниеге келсе де, жанға жайлы мекенде өмір кешпей, еңбек жолын Теміртаудан бастап, Қазақстан магниткасында шындалған. «Қанат ұшса қатаяды», - деген осы болар. Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды әлемге танылған тәуелсіз мемлекетке айналдырды. Ел сенімі ақталды деген – осы. Ал Нұрсұлтан Әбішұлы оны тек өзінің жетістігі деп есептемей. «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында» тағы басқа еңбектерінде халықты өткеніне үңілтіп, бүгінгісіне шүкіршілік етуге тәрбиелеп отырды. Ата-бабаларымыз Батыр халық аттың жалында, найзаның ұшымен, білектің күшімен, ақтық демі біткенше, елін дұшпанға таптатпай, Алтайдан Дунайға, Сібірден Шығысқа дейінгі ұлан-ғайыр даланы небір сұрапыл соғыстардан, замана зұлматтарынан аман алып қалып отырған. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдардың тар жол, тайғақ кешуінде де тәуелсіздік туын құлатқан жоқ. Ата-баба ның сол тізгінің Елбасының Нұрсұлтан Әбішұлыда атамыз мықтап ұстаған. Олай деуімізде де себеп бар. өйткені, Президент адам құқығы мен заңға саналы түрде басым бағыт бере отырып, өз еліндегі тыныштық пен келісімді көзінің қарашығындай сақтауда. Елдің ата заңы Конституциясы мен рәміздері өмірге келді. Тәуелсіз Отанымыздың көк жүзімен астасқан көк байрағы астында Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болдық. Ардақты ана тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғаны, тұңғыш төл теңгеміздің шығуы, Семей атом полигонының жабылуы – бәрі де Елбасына тікелей араласуымен болған.

...