Кейін біреудің кәдесіне жарар.
1992 жыл.
1992жылы 10 қаңтарда «Қазақстан Республикасында ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданып, мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еліміздің ішкі істер әскері құрылды.
1992жылы 15 қаңтарда«Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды
1992 жылы 30 қаңтарда Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кірді.
1992 жылы 18 ақпанда Қазақстан балаларының мейірімділік қоры «Бөбек» дүниеге келді.
1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті.
1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан БҰҰ-на мүше болып, оның халықаралық қатынастар жүйесінде дербес субъект сапасында ықпалдасуы басталды.
1992 жылы 8 мамырда ҚР-ның дербес Қарулы күштері құрылды.
1992 жылы 22 мамырда Қазақстан ЮНЕСКО құрамына енді.
1992 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдар күшіне енді. 11 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтіні туралы» заң қабылданды.
1992 жылы 17 қазанда Қазақстан Республикасы мен Киелі Тақ арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
1992 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
1993 жыл.
1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды.
1993 жылы 25 ақпанда Президент Жарлығымен Т.О.Әубәкіров Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры болып тағайындалды
1993 жылы 26 ақпанда республика аймағының тұтастығын, біркелкілігін, өзгешелігін дәлелдейтін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңы өз күшіне енді.
1993 жылдың наурызында Қызылордада «Арал - ғасыр қасіреті» атты халықаралық конференция қатысушылары мемлекет басшылары атынан Біріккен Ұлттар Ұйымына үндеу жолдады.
Одан кейін Елбасының бастамашылдығымен 1993 жылғы мамыр айында «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды.
1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты. 1993 жылы 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті.
1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашақ» бағдарламасын тағайындады. Осы жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге жастарды оқыту басталды.
1994 жыл.
1994 жылы 16 ақпанда Қазақстан ядролық қаруы жоқ ел ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды.
Ата Заң негізінде 1994 жылы наурыз айында алғаш рет парламенттік сайлау өткізілді.Сол жылы парламент таратылды.
1994 жылы 27 мамырда Қазақстан рамалы құжатқа қол қойып, НАТО-ның «Бейбітшілікке арналған серіктестік» бағдарламасының 19-шы қатысушы мемлекеті болды.
1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.
1994 жылы 5 желтоқсанда Будапештте Ұлыбритания, Ресей және Америка Құрама Штаттарының басшылары Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы Меморандумға қол қойды.
1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
1995 жыл.
1995 жыл - Абай жылы болып жарияланды.
1995 жылы 12 қаңтарында Президент Жарлығымен қазақ ғарышкерлері Т.О.Әубәкіровке, Т.А. Мұсабековқа, Ресей ғарышкері Ю.И. Меленченкоға -«Халық Қаһарманы» атағы беріліп, жоғары ерекшелік белгісі -«Алтын Жұлдыз» тапсырылды. Т.А. Мұсабековқа, Ю.И. Меленченкоға «Қазақстанның ғарышкер ұшқышы» құрметті атағы берілді.
1995 жылы 1 наурызда Президент Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.
1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган - Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.
1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) сессиясы ашылды.
1995 жылы 29 сәуірде өткізілген бүкілхалықтық референдумда сайлаушылардың 95,4% Президент өкілеттілігінің мерзімін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартуды жақтап дауыс берді.
1995 жылы 26 мамырда Қазақстан аумағынан ядролық қарудың соңғысы шығарылды.
1995 жылы 3 шілдеде Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Алматы қаласында Тәуелсіздік ескерткішін орнату туралы» қаулысы шықты.
1995 жылы 30 тамызда Конституциялық өзгерістер процесі аяқталып, қазіргі Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы қабылданды.
1996 жыл.
1996 жылы 25 мамырда Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа, сонымен қатар Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойды.
1996 жыл - ұлы ақын-импровизатор Жамбыл Жабаевтың жылы.
1996 жылы 3 сәуірде Қазақстандағы қазақ ұлтының азаматтары құжатқа тари хи халық дәстүрге сәйкес өз әкесінің аты-жөнін, ата-бабасының атымен жаздыруға мүмкіндік алды.
1996 жылы 30 қыркүйекте Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу (ЯСЖТ) шартына қосылды.
1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуына байланысты 16 желтоқсанда «Тәуелсіздік монументі» ашылды.
1997 жыл.
1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы қабылданды.
1997 жылы 8 қарашада мемлекеттік рәміздер мен Қазақстан Президентінің байрағын Алматы қаласынан Ақмола қаласына табыс ету салтанаты өтті.
1997 жылдың 20 қазанындағы «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» № 3700 Жарлығына сәйкес, Ақмола қаласы ресми түрде 1997 жылдың 10 желтоқсанынан астана болып саналады. 1998 жылдың 10 маусымы - астананың тұсаукесер күні ретінде белгіленеді.
1997 жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауы жарияланды.
1997 жыл -халықтық жалпы келісім мен саяси репрессия құрбандарына арналған жыл болып, «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.
1998 жыл
1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының жұртшылығының тілегі ескеріліп, ҚР Үкіметі жанындағы ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде Ақмола атауын Астана қаласы деп өзгерту туралы Президент Жарлығы шықты.
1998 ж. 1 маусымында - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері құрылды.
1998 жылы 10 маусымда тұңғыш рет жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып, астана күні тойланды.
1998 жылы 24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастаған ресми делегацияның Ватиканға сапары барысында Қазақстан Республикасы мен Киелі Тақ арасындағы өзара байланыс туралы келісімге қол қойылды.
1998 жыл - Ұлттық тарихы мен бірлігі жылы.
1998 жылы 6 шілдеде ХХІ ғасырға бағытталған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында мәңгілік достастық пен одақтастық туралы Декларацияға қол қойылды.
1999 жыл.
1999 жыл - Ұрпақтар бірлестігі мен сабақтастығы жылы.
1999 жылдың 10 қаңтарында өткізілген мерзімінен бұрын болған президенттік сайлауға қатысқан дауыс берушілердің 79,78 %-ы Н.Ә.Назарбаевты қолдады.
1999 жылдың шілдесінде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды.2000 жыл.
2000 жыл - «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды.
Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды.
2000 жылы 29 маусымда Семей ядролық сынақ полигоны біржола жабылды.
2000 жылы 1 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының тәуелсіз сот жүйесін күшейту жөнінінде» Президент Жарлығы қабылданды.
2000 жылы 10 қазанда Астанада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен Кедендік одаққа қатысушы елдер - Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Мемлекетаралық кеңесінің кезекті мәжілісі болды.
2000 жыл Елбасы Жарлығымен «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды.
2000 жылы халықтан жиналған қаржыға Көтібар батыр ескерткіші салынды.
2012 ЖЫЛДЫҢ ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАРЫ
12 қаңтар
Қазақстанның мемлекеттік қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 100 жыл (1912-1993)
2 наурыз
20 жыл бұрын Қазақстан БҰҰ қабылданды (1992)
7 мамыр
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылғанына 20жыл (1992)
31 мамыр
15 жыл- Қазақстанда саяси құғын сүргін құрбандарын еске алу күні (1997).
4 маусым
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік символдары қабылданғанына 20 жыл (1992)
4 қазан
Байқоңыр ғарыш аймағынан алғашқы ғарыш зымыранының ұшқанына 55 жыл (1957)
11 қазан
15 жыл - Президенттің 2030 жылға дейінгі мемлекеттік стратегиясын айқындайтын Жолдауына (Қазақстан-2030) (1997)
10 желтоқсан
Қазақстан астанасы Ақмола қ. болып жарияланғанына 15 жыл (қазіргі Астана) (1997)
ТАРАН АУДАНЫНЫҢ ТАРИХЫНДА
мезгілі анықталған емес
ояздық атқару комитетінің алғашқы төрағасы Лаврентий Игнатьевич Таранның туғанына 120 жыл (1892-1919).
1 наурыз
Публицист, мұғалім, қоғам қайраткері Омаров Елдестің туғанына 120 жыл (1892-1937).
1 сәуір
Таран аудандық балалар - жасөспірімдер спорт мектебінің құрылғанына 45 жыл.
5 маусым
Кеңес Одағының Батыры Темірбаев Сейітхан Нұрмұхамбетұлының туғанына 90 жыл (1922-1983)
27 наурыз
Таран өнерпаздар драма театрының құрылғанына 65 жыл, 1960 ж. бастап халық театры атағына іеленді. (1947).
24 қазан
саясаткер Омар Дощановтың туғанына 155 жыл (1857-1919)