+1 дауыс
4.3k көрілді
Бала асырап алудың жолдары қандай?

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Бала асырап алу

Бала асырап алу — адам өміріндегі күрделі әрі жауапты қадам. Бөтен бала үшін шынайы ата-ана болу оңай емес. Әдетте, бұл процесс бала асырап алу,  қамқорлық пен патронаттық бойынша қажетті ақпарат жинаудан, заңнамамен танысудан, ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды орналастырудың барлық ықтимал нысандары бойынша түсініктемелерден басталады. Көптеген аспектілер бойынша оларға тиімді ресурс – балалар деректерінің Интернет-банкі көмектесе алады.

Қазақстанда «Жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың ашық деректер базасы» жобасы іске қосылды. www.usynovite.kz сайтында балалар үйлерінде және нәрестелер үйіндегі балалардың шағын сауалнама ретінде туынды деректері берілген. Әлеуетті бала асырап алушылар, қамқоршылар үшін кез келген ақпарат құнды, бұл балаларға өздерінің ата-аналарын кездестіруге мүмкіндік беруі мүмкін.

Бала асырап алу үшін қажетті құжаттардың тізімі

бала асырап алу тілегі туралы жазбаша өтініш;
тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру туралы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
бала асырап алуға жақын туыстарының жазбаша келісімі;
достарынан немесе көршілерінен кем дегенде үш ұсыныс хат;
жиынтық табыс көлемі туралы анықтамалар;
отбасы жағдайы туралы анықтамалар;
денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық саулығы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы анықтаманы;
сотталмағаны туралы анықтама;
тұрғын үйінің бар-жақтығын растайтын құжат;
бала асырап алуға үміткер ретінде тіркелген жер бойынша органның бала асырап алушы болу мүмкіндігі туралы берген қорытындысы.

Жетім балалардың деректер банкісі

Жетім балалардың деректер базасын жасаудың және пайдаланудың мақсаты:

отбасына орналастыруға жататын баллардың есепке алу (бала асырап алу, қарқорлық, патронаттық тәрбиелеу);
жетім балалар мен отбасына орналастыру мақсатында осы санат балаларға арналған ұйымдардағы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар туралы құпия емес ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз арналған ұйымдарда мемлекет қамқорлығында осы санат балаларының санын отбасына балаларды орналастыру арқылы қазақстан азаматтарының отбасыларына орналастыру арқылы азайту (бала асырап алу, қамқорлық, патронаттық тәрбие);
Қазақстан Республикасы азаматтарының балалар құқықтарын қорғау, баланы отбасына орналастыру мәселелері бойынша құқықтық сауаттылығын арттыруға көмек көрсету;
азаматтарды жоғары патриоттылыққа тәрбиелеуге, жоғарғы әлеуметтік жауапкершілік деңгейіне, мораль нормаларына және позитивтік-белсенді моральді қоғамды тәрбиелеуге бағытталған Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғары отбасылық құндылықтарын насихаттау.

Бала асырап алушы бола алатын тұлғаларға қойылатын талаптар

Мыналарды

сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдарды;
сот біреуін әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеті шектеулі деп таныған ерлi-зайыптыларды;
сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;
өзiнің қамқорлығындағы балаларды күтіп-бағу, оларға күтім жасау мен емдеуді қамтамасыз ету, құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы қамқорлық жасау жөніндегі мiндеттерiн тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдарды;
егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшiн жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды;
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген аурулар тізбесіне сәйкес денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдарды;
тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды;
дәстүрлi емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдарды;
бала асырап алу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы өтелмеген адамдарды;
азаматтығы жоқ адамдарды;
анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдарды;
асырап алған кезде асырап алынған баланы «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;
наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды қоспағанда, кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкін;
Бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты болмаған) адамдар сол бiр баланы бiрлесiп асырауға ала алмайды.

Жалғыз ата-анасы немесе екеуі де

қайтыс болған;
баладан бас тартқан;
ата-ана құқықтарынан айрылған және олар қалпына келтірілмеген;
баланы асырап алуға келісім берген;
сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз, хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болған деп жарияланған;
белгісіз болған жағдайда, балалар асырап алуға жатады.

сілтеме

0 дауыс

Көшірілген көшірмесі

Мүмкін осылай ету арқылы жетімдердің көбеймеуіне тосқауыл болармыз. Әйтпесе, балалар үйінде тастандылар қатары артып барады. Облысымызда 3321 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған. Оның 2270-і қорғаншылық қамқорлыққа берілген, 422-сі патрионаттық тәрбиеде болса, 388-і облысымыздағы бес мемлекеттік балалар үйінде тәрбиеленуде. 114-і жасөспірімдер үйінде тұрып жатыр, ал 76-сы бөбектер үйін паналауда.

Жетімін жылатпаған ел едік қой. Балалар үйіндегі бүлдіршіндер мына жарық дүниеге тағдырдың тәлкегін тарту үшін келмегені белгілі. Олар да аналық мейірімді, әкелік қамқорлықты аңсап жүр. Көздері жәутеңдеп Сізді күтіп отыр. Егер жағдайыңыз көтерсе, әлеуметтік ахуалыңыз мұрша берсе, балалар үйіндегі тастанды сәбилерді асырап алуға, бейкүнә балақайларға ата-ана болуға асығыңыз!

Ғалия Жүсіпова, ОҚО Балалардың құқығын қорғау департаментінің бастығы: әМемлекеттің негізгі саясаты республика бойынша жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің санын азайту. Сол себепті де біздің мекеме бұқараға түсіндіру, үгіт-насихат жұмыстарын көптеп жүргізуде. Үкіметтік емес ұйымдармен, бірлестіктермен бірге өткізетін «Ризашылық», «Мектепке жол», «Асырап алушылардың күні» секілді іс-шаралардың нәтижесі өз жемісін беріп келеді. Бала асырап аламын деушілерге уақыт беріледі. Баламен ортақ тіл табысуға, бауыр басуға жағдай жасалып, арнайы психологтар ата-анамен де, баламен де жұмыс жасайды. Комиссия құрылып, асырап алушылардың балаға жасайтын жағдайы сарапталады.

Қазақ салты бойынша:

Бала асырап алу үрдісі қазақта ежелден-ақ бар. Нәрестелі бола алмаған ерлі-зайыптылар ата-анасымен ақылдаса отырып, баланы қайдан, кімнен асырап алатындықтарын шешеді. Қазақта сәби сүймеген шаңырақ бала асырап алса, бедеу әйел құрсақ көтеріп, бала тууы мүмкін деген ырым, сенім бар. Мұндайда олар әдетте, баланы ең жақын туған-туыстарынан, яғни, қаны бір, бір әулеттегі бауырларынан асырап алуға тырысады. Бала асырап алған ата-ана ол сәбиге үлкен жауапкершілікпен қарауға, ешқашанда өгейсітпеуге тиісті. Әрине, бұған кез келген отбасы келісе бермейтіні бар. Өз баласын өзгеге туысы болғанның өзінде бере қоймайтындар көп. Сондықтан да мұндай жағдайда балалар үйінен тастанды бейкүнә сәбилерді асырап алған жөн.

Айгүл Қасымбекова, ОҚО Білім басқармасының бас маманы

– Бала асырап алуға ниетті азаматтар бірінші кезекте тұрғылықты жері бойынша білім бөлімдеріне өтініш білдіреді. Акт түзу үшін екі өтініш тастайды. Содан тиісті құжаттардың тізімі беріледі. Барлық құжаттар жинақталғаннан кейін бала асырап алу процесі жергілікті сотта қаралады. Шешімді сот береді.

Қазақстан заңы бойынша:

Елімізде бала асырап алу заңы акт болып саналады. Бұл әлгі бала мен оны асырап алған ата-ананың құқықтық қарым-қатынасын айқындап береді. Бала асырап алу кәмелетке толмаған балаларға байланысты әрі солардың мүддесіне сәйкес жүзеге асырылуға тиісті. 1998 жылғы 17 желтоқсанда Қазақстанның «Неке және отбасы туралы» Заңы қабылданған-ды. Оның 12 тарауында бала асырап алудың тәртібі, құқықтық салдары, тиісті адамдардың заңды міндеттері, жеке жауапкершілігі, тағы да басқа мәселелер егжей-тегжейлі қарастырылған. Осы Заң бойынша баланы асырап алу былайша жүзеге асырылады:

1. Баланы тәрбиесіне алуға тілек білдірген адамның өтініші бойынша баланы асырап алу ісі сотта қаралып, ол азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

2. Заң бойынша Қазақстан Республикасының азаматы болып саналатын балаларды, егер де ел аумағында тәрбиелеу мүмкіндігі болмаса, шетелдік азаматтардың немесе республика аймағынан тыс жерде тұратын туыстарының асырап алуына рұқсат етіледі.

[2270-і қорғаншылық қамқорлыққа берілген, 422-сі патрионаттық тәрбиеде болса, 388-і облысымыздағы бес мемлекеттік балалар үйінде тәрбиеленуде]

2270-і қорғаншылық қамқорлыққа берілген, 422-сі патрионаттық тәрбиеде болса, 388-і облысымыздағы бес мемлекеттік балалар үйінде тәрбиеленуде

Ислам діні бойынша:

Араб елдерінде де Ислам дініне дейін бала асырап алу кең таралған-ды. Алла Елшісіне (с.ғ.с.) Пайғамбарлық келместен бұрын осы әдет бойынша ол Зәйд бин Харисаны асырап алып, оны халық алдында өз ұлым деп жариялаған болатын. Содан ол халық арасында Зәйд Мұхаммедұлы деп аталып кетеді. Ол кезде асырап алынған ұл-қыз сол адамның баласы саналып, мұрагері болды. Ал халық Ислам дінін ұстанғаннан кейін арабтарда асырап алған баланы өзінің туған әкесінің атымен атау қағидасы орнықты.

Ұлық пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) былай деген: «Ешкімі жоқ жетім балаларды өз асырауына алған адам, менімен жұмақта екі саусақ сияқты көрші болады».

Бірақ та жетім балаларды асырап алғанда ата-тегі (фамилиясы) бар болса, шариғат шарты бойынша оны өз атына ауыстыруға болмайды. Олармен қарым-қатынас жоғарыдағы аятта айтылғандай, дін бауыр немесе дос сияқты болуға тиіс. Жалпы, Ислам дінінде бала сүю, сүймеу Алланың бұйрығымен болатын іс. Бұл жөнінде Құран Кәрімде былай деп айтылған: «Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Қалағанын жаратады. Кімге қаласа, қыздар, кімге қаласа ұлдар береді. Немесе ұлдар мен қыздарды жұп-жұбымен береді. Сондай-ақ, қалағанын бедеу етеді. Күдіксіз ол, толық білуші, аса күшті» («Шұғара» сүресі, 49-50 аяттар).

Олай болса, адам баласына ұрпақ сүйгізу, сүйгізбеу – Алланың ісі. Ұрпақсыздық – бақытсыздық емес, Алланың сынағы. Нағыз бақытсыздық – осы сынақтан сүрінуіміз.

[03-026]

[03-027]

[Облысымызда 3321 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған]

Облысымызда 3321 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған

Бала асырап алу үшін қажетті құжаттардың тізімі:

– Бала асырап алу тілегі туралы жазбаша өтініш;

– Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру туралы өтініш;

– Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

– Бала асырап алуға жақын туыстарының жазбаша келісімі;

– Достарынан немесе көршілерінен кем дегенде үш ұсыныс хат;

– Жиынтық табыс көлемі туралы анықтамалар;

– Отбасы жағдайы туралы анықтамалар;

– Денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық саулығы, есірткіге, алкогольге тәуелді еместігі туралы анықтама;

– Сотталмағаны туралы анықтама;

– Тұрғын үйінің бар-жоқтығын растайтын құжат;

– Бала асырап алуға үміткер ретінде тіркелуі керек.

0 дауыс
Сәлеметсіздерме. тұрмысқа шықпаған қыздарға бала асырап алуға болама? Мен екі рет тұрмыста болдым, бала сүйе алмауыма байланысты заңды некеде тұрған жоқпын, яғни жұбайым қаламады. Жасым 30 дан асып барады. Өзім мектепте мұғаліммін, өз баспанам бар. Маған бала асырап алуға болама?
Болады. Айлық бала асырауға жету керек.
0 дауыс
Әлі ондайға жас болғаным себепті білмейді екенмін. Бірақ бала асрап алу үшін жазылу қажет екенін естігенмін. Себебі балалар үйіндегілер сіздің барлық жағдайларыңызды сынан өткізеді. Сол үшін уақыт керек.
+1 дауыс
Баланы оңай бере салмайды, құжаттар толтырып зар жүгіресің...
0 дауыс
Саламатсыздарма,мен Махамбет ауданнан жазып турмын мен бир кыз бала асырап алайын деп едим кайдан алуга болады екен, кыйын ба алу 8 жыл бурын алганмын  тагы береуин енди кызбала керек еди комектессиниздерши,
0 дауыс
Менің жасым 56-да, жесір айелмін  Жұмысым бар, үйім бар, 2 балам бар 18-ден асып кеткен. Мен 1-3 жастағы бала асырап алғым келеді. Бола ма?
0 дауыс
Салеметсіздерма мен қыз бала асырап алғым келеді көмектесіңіздерші өтініш сіздерден

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
Белгісіз 24.06.2020 Жанұя сұрақ қойды
...