Әруақтарды бiлмедiм бiрақ жындар бар... Пайғамбарымыз жындарды үш түрге бөлiп берген. Бiрiншiсi – ауада ұшатын жындар, екiншiсi – жылан мен иттердiң суретiне енетiн жындар, үшiншiсi – әртүрлi бейнеге ене алатын жындар. Сондай-ақ иман келтiрген және иман келтiрмеген жындар бар. Оларды мұсылман және кәпiр жындар деп бөледi. Жалпы алғанда, жындар адамдармен қатар өмiр сүрiп жатқан мақұлықтар. Жейтiн тамақтары, iшетiн сулары бар. Мұсылман жындар пайғамбарымызға келiп: Ей, пайғамбар, сенiң үмбеттерiң малдың сүйегiне, тезегiне дәрет сындырмасын. Өйткенi Алла сол сүйек пен тезектi бiзге тамақ қылып бердi деген. Мұсылман жындардың тамақтары – бiссiмiләмен сойылған хайуандардың сүйектерi және тезектерi. Мұсылман жындар намаз оқиды, қажылық қылады.