–1 дауыс
12.4k көрілді
Тамара Асар туралы толық ақпарат?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Тамара Асар

Туылған күні

16 шілде 1976(38 жас)

 

Жанқұл Тамара Асар - өмірде де, өнерде де өжеттігімен көзге түскен талантты әншілердің бірі.

Еліміздің батыс өңірі – Ақтаудан 16 шақырым жердегі «Ақшұңқыр» деген ауылда ұстаздар отбасында өмірге келген. «Жаратушы қиындықты тек көтере алатын адамына береді» дейді халқымыз. Осы сөзді өзіме ғана арналған деп қабылдайтын Тамара, тіршілікте басынан өткен түрлі ауыртпалыққа мән бергенді көңілі қаламайтын қайсар қыз.
90-шы жылдардың соңында ол жол апатына ұшырап, бір аяғынан айрылған болатын. Араға жылдар салып, денсаулығын қалпына келтірген әнші, өзін — өзі қамшылап өмір сүруді әдетке айналдырды. «Қиындық әркімнің басына болатын нәрсе, тек оны жеңудің кілті – жүректе» дейтін Тамара Асар өмірге ғашық адам кез-келген қиындыққа төзімді болып келеді деген пікірде. «Серпін» жастар сыйлығының иегрі Тамара Асар басқа әрпітестеріне қарағанда денсаулығына көбірек алаңдайды. Сондықтан қаланың қым-қуыт тіршілігінен шаршағанда көпшіліктен оңаша кетіп, баласымен демалғанды ұнатады екен. Туған жері Ақтауға жиі ат басын бұратын әнші жалғызсырыған сәтте қолына кітап алып, әдебиетпен сырласқанды жан рахатына балайды.

Білімі

Бала кезден өнерді өзіме серік етемін деп армандаған ол, алдымен Ақтаудағы музыка мектебінде білім алады. Кейін Алматыдағы қазіргі Елебеков атындағы эстарда және цирк коледжінде оқи жүріп, ілімін мұғалімдік мамандықпен ұштастырады. 8-ші сыныптан бастап Алматыда дәріс алған Тамара көпшілікпен етене араласуна танымал мектепте оқығаны септігін тигізгенін айтады.

Еңбек жолы

Өнердегі еңбек жолы Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы жанындағы Мұрат Өскімбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында басталған. Шығармашылықта жүрген 12 жыл ішінде көптеген жанрлар мен бағыттардағы: «Отырар сазы», «Ақжауын», Абыл Тарақұлы атындағы халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің, «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің, симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен ән айтып, жұртшылықтың назарында жүр. Сонымен қатар, жаңашыл эстрадалық жанрда Қазақстанмен қоса, Еуропа, Азия елдерінің алдыңғы қатарлы сахналарында бар талап-талантымен өнерін өрнектеуде.

Марапаттары

2001 жылы Президент Н. Назарбаевтың жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі және №05386 куәлігі,
2002 және 2006 жылдары Маңғыстау облысы әкімі сыйлығы «Жыл Әншісі» ата5ы,
2003 жылы Махамбет Өтемісұлының 200-жылдығына арналған республикалық конкурста «Гран При» жүлдесі,
2006 жылы Алматы қаласы әкімі жанындағы Қазақстан Республикасында мәдениет пен өнерді қолдаудың мемлекеттік қорының «Мәдениет, өнер және өз ісі саласындағы жетістіктері үшін, әрі халық сүйіспеншілігіне бөленер тұлға ретінде»

Әнбаяндары

«Ариайдай»,
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»,
«Жалғыз досым»,
«Ренжімеші»,
«Сол бір қыз»

Соның ішінде, «Жаным неге» атты бейнебаян Қазақстан тарихындағы алғашқы анимациалық '''3D''' форматында жазылған.

0 дауыс

кандай сулусыз созим жок,аллам сизге сулулык пен денсаулык берсин.

...