+1 дауыс
1.4k көрілді
Қалың мал туралы бірер сөз....дұрыс па әлде бұрыс па?

Неге Қазақстанның әр облысы әртүрлі қабылдайды қалың малды. мысалы , Қарағанды т.б облыстар қызды сату деп есептейді. Мысалы мен қалың малды дұрыс деп есептеймін...Сіздердің ойларыңыз қандай???

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қалың мал– қазақ халқының бұрыннан келе жатқан салты.Құда түсу рәсімі келісілген соң күйеу жағы «қалың мал» төлеуге тиіс. Оның мөлшері құдалардың әлеуметтік жағдайы, дәрежесі мен дәулетіне байланысты. Әдетте қалың малдың қанша болатындығы екі жақпен ортақтаса отырып, шешіледі....

Біздің жақта Шығыс жақта қалың мал берілмейді. Ана сүті, той мал деген кәделер жасалынады..

Менің ойымша қалың мал берілгені дұрыс... қалың мал берілсе, сол қалың малға берілген қаражатқа қыз өзіне төсек-орын анау-мынау керекті заттарын ала алар еді деп ойлаймын...
0 дауыс
Қалың мал деген қыздың орнына берілетін нәрсе. Қазіргі таңда қалың малды бермейді деп ойлаймын. Қазір қалың малдың орнына ақша береді т.б.
Қалың мал ақша ғой сол, қашан көрдiң отар-отар мал бергенiн)
баяғы заманда мал берген ол кезде ақша болғанменде ақша берілмеген
+1 дауыс
Бір жағынан қарасаң шынымен қыз сатуға ұқсайды. Бірақ қалың мал дұрыс деп есептеймін. Қыздың артынан апаратын киім, жабдыққа кетеді. Ал саудаласу дұрыс емес. Мен кейбір жақтан естіп жатамын, ақшаға көңілі толмай үстінен мынанша мың қос деп қайтарып жібереді екен. Ол дұрыс емес затты саудаға салғандай болады. Ертең қыздың артынан неше түрлі əңгіме кетеді, егер қайын жұртымен арасы дұрыс болмай жатса. Сондықтан бергенді ала берген дұрыс. Бəрі бір өздеріне қайтады ғой))
+1 дауыс
Қызылорда облысында қызды ұзату тойына 1 миллион теңгеге жуық қаржы кетеді. Одан бөлек "қыздың жасауы" бар. Ол жатын гарнитуры, тоңазытқыш, телевизор, кір жуғыш машина, микроволновка, духовка, компьютер, бірнеше адамға арналған төсек-жастық, ыдыс-аяқ комплектілері, қыздың қысқы-жазғы киімдері. Есептей беріңіз, барлығы 2 миллион теңгеден асады. Ал қыздың қалың малына шамамен 400-500 мың теңге беріледі.
...