0 дауыс
638 көрілді
Мұндай сұрақ үшін кешірім сұраймын. Бәріне топырақ шашудан аулақпын. Бірақ мемлекетіміздегі кейбір арқа сүйер ағалар неге парақор болып бара жатыр? Неге мемлекет үшін жұмыс жасай алмай жатыр? Қазіргі өмірімізге ризамын. Бірақ параны неге алды?

9 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Иә, өкінішке орай, "таныс-тамыр, бәке-сәке, крыша-көкелердің" белең алған заманында еліміздің, халқымыздың, мемлекетіміздің қамын емес қара басының, қу құлқынның қамы мен қалтасын ойлайтын жемқор азаматтар көбейіп кетті. Параны алып ұсталғандар пара беріп құтылуда... "Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ" демекші, жемқорлықтың тамырына балта шабу мүмкін болмай отыр...
0 дауыс
Қарапайым жауап. "Балық басынан шіриді". Ойланатын ештеңесі жоқ.
0 дауыс
Амал жоқ арқа сүйер ағаларымыз тек өз бастарын ойлайды
0 дауыс
Ақша адамды құртады. Бәрі пара алады деуге келмес.
0 дауыс
Абай aта айткандай:алтын корме периште жолдан тайада,казир бaри сондай,акшанын куныккан заманы.
Қатесіз жазыңыз.
0 дауыс
Бұл сұрақты солардың өзіне қою керек, меніңше. Әйтпесе біз оны қайдан білеміз? Барлығы пара алмайды, ал алғандарының барлығының себептері бірдей емес қой. Парақордың қолын шабу керек деген заң керек. Өзіне қарсы заң болғаннан кейін қабылдамайтын да шығар ондай заң...
0 дауыс
Қайтесіздер ондай арқа сүйер ағаларды, сырттай сіздер басқаша ойлайсыздар, іштей басқаша. Сондықтан олардың аман саулығын тілеңіздер. бұл жерде оларды козғайтын жер емес.
0 дауыс
"Алтын көрсе періште жолдан таяды" деген сияқты, ақшаның буына байланғандарғо.
0 дауыс
Өйткені, сондай мемлекеттік сана, идеология жетіспей жатыр. Тәртіп жетіспейді.
...