Фьорд деген не?

0 дауыс
2.6k қаралым
Фьорд дегенiмiз не???
Тұлға, Адам

2 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
Тар, терең иректелген теңіз шығанағының жарлы жағалау  түрі...
0 дауыс
Фьорд, фиорд (норв. fjord) — жағалаулары биік, тік құз, ені тар әрі терең, ұзына бойы созылған теңіз шығанағы. Өзен аңғары немесе тектоникалық жарықты мұздық жырып кеңейткеннен кейін теңіз суы басуынан пайда болады. Тереңдігі 1000 м-ден асады, ұзындығы 200 км-ге дейін барады (Норвегиядағы Сочне-фьордтың ұзындығы 204 км, ені 1,5 — 6 км, тереңдігі 1245 м). Кіре берісін теңізден су асты шоңғалы бөліп тұрады. Шоңғал мореналардан немесе түпкі жыныстардан тұрады. Фьордтар солтүстік жартышардың да, оңтүстік жарты шардың да плейстоцен мұз басуына ұшыраған немесе қазіргі мұздықтар таралған биік ендіктеріне тән. Солтүстік жартышарда Норвегия, Гренландия, Шпицберген, Жаңа Жер, Таймыр, Чукча түбегі, оңтүстік жарты шарда Жаңа Зеландия және Патогония жағалауларында кездеседі.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
5.04.2021 Қазақ тілі Белгісіз сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
3 жауап
127,680 сұрақ
322,229 жауап
153,247 пікір
72,705 қолданушы