Азамат Мадғұл
«Жеңіп көр» бағдарламасының жүргізушісі (2014ж.)
Туған күн:13.05.1986
Туған жері:Ақмола облысы, Красный Яр ауылы
1986 жылы 13 мамырда Ақмола облысы, Красный Яр ауылында дүниеге келген. Бастауыш сыныпты қазақ тілінде оқыған, бірақ басқа мектепке ауысқаннан кейін орыс сыныбына барады, сынып жетекшісі өзінің анасы болыпты. Бірінші сыныптан-ақ Азаматтың үлгірімі жақсы болады. Түрлі мектепішілік жарыстарға қатысып, қалалық олимпиадада «Қазақстан тарихы» пәні бойынша бірінші орынды иеленеді. Ер жете келе Азамат шығармашылықпен айналысып, ән айта бастайды. Тоғызыншы сыныпта Көкшетау қаласындағы Облыстық балалар шығаршылығы үйінің вокал үйірмесіне қатысады. Кәсіби вокалмен айналысудың көңіліне жаққаны соншалық екі жыл бойы ән әлемінде қалықтайды. 2006 жылы республикалық вокалисттер конкурсында бірінші орынды иеленеді.
Мектеп бітірген соң Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Геодезия және картография» мамандығына грантқа оқуға түседі. Одан кейін магистратураға түсіп, білімін шыңдай түседі. География саласы бойынша «Жаратылыстану ғылымдарының магистрі» атағы бар. Университетті дамытуға қосқан үлесі үшін «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 75 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
Студент кезінде әнге деген махаббаты қайта оянып, университеттегі барлық іс-шараларға қатысып, түрлі концерттерді жүргізе бастайды. Осылайша жүргізушілік қабілетін, әртістерге пародия жасау, өлең шығару, ән жазу қабілеттерін дамытады. Туған жерінің бейресми әнұранының авторы.
«Жеңіп көр» жобасы туралы танысынан естіп, бағын сынап көрмекші болады. Кастингтен өтіп, жүргізушілікке алынғанына әлі күнге дейін бақытты.
Сүйікті дәйексөзі: «Арманыңнан бас тартпа, егер арманың болса, оған қол жеткізуге тырыс» - Азаматтың анасының сөзі.
Мына жерде оның жеке парақшасы (вконтакте). Ал мына жерде "жеңіп көр" жобасының түсірілімдері.)
Сол жобаның жүргізушісін де, жобаныда суқаным сүймейді.