Неге сайтта дiни сұрақтарды қоюға тыйым салынған?

–1 дауыс
383 қаралым
Неге сайтта дiни сұрақтарды қоюға, талқылауға тыйым салынған? Онда тұрған не бар екен? Дiни сайттар жоқ емес бар, бiрақ оларда сұрақтарды талқылау жоқ болып тұрда, тек имам жауап бередi...
Жалпы сұрақ
Сіз өзі көңілге қонбайтын миы жоқ адамдардың сұрағын неге қоясыз. Сіз қалайша айдың үздігі болып жүрсіз? FAQ ді неге оқымайсыз? Көрінген сұрақ қоя бермеңіз
Мен соны оқығанымнан соң қойып отырмын...
Көрінген нәрсені сұрақ қылып қоя берме! Ертең туалетке қалай барамын деп сұрақ қойсаң таңқалмаймын.
Дұрыс айтасың )))))))))))
Ол жағын көре жатармыз @Bimon менен алдын сен жазып қоймасаң )
Мейлі... Сен че то Ақтаудан емессің бе?
Шымкент...

3 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Діни тақырып өте күрделі. Мұнда дін туралы біреу дұрыс емес ақпарат таратса сол ақпараттың кесірінен жастар діни ағымдарға кіріп кетуі мүмкін. Және сайтта үлкен даулар мен келіспеушіліктер орын алуы мүмкін. Дін туралы ақпараттарды діни білімі бар адамдардан сұраған жөн.
Майл.ру сұрақ - жауапта тұр ғой ондай шектеу жоқ...
Біз майл,руға қарамайтын сайтпыз, ұқтың ба? Майл,ру жабылса осы сайтта жабылып қалмайтын шығар, біздің сайттың ғұмыры әлі алда.))
Қоя салшы )
Көрінген нәрсені сұрақ қылып қоя берме!
+2 дауыс
Басыңды жұмыс жасатсаңшы бауырым. Бұл сайтта діни сұрақтарға, жәй адамдар жауап бере алмайды. Мысалы дұрыс жөн сілтемей, сол адамның теріс ағымға түсіп кетпеуіне кім кепіл. Егерде (құдай сақтасын) теріс ағымға түскен жағдайда кім кінәлі, сайтқа сөз келеді емес пе?!

Сайттың ережесін өзіңде білетін шығарсың, бірақ 7.1 ережені қайта оқып шығуға кеңес беремін.

7.1 Діни тақырыптағы сұрақтар өшірілініп тасталынады. Себебі дін тақырыбындағы сұрақтар оңай емес. Оған діннен хабары бар мамандар жауап бергені дұрыс. Діни сұрақтарыңызды Ислам сайтының ұжымына қойсаңыздар болады.
+1 дауыс
Сіз сұрақты әдейі қойатын сияқтысыз жауап беріліп тұрғой діни сұрақтарына жауап беру өте қиын деп Fagта жазылып тұрған жоқпа?
Ал ендi қара, сайтқа мысалы бiр сүре керек едi деп сұрақ қойылса, ондай сұраққа қарсылық жоқ, не үшiн? Ол сүреде бiреу бiр әрпiн қате жазса, "көз" деген сөздi "көл" деп жiберуi мүмкiн... Қысқасы бұлда дiни сұрақ...
Айтып отырғаныңыз өте түсініксіз. Сүре қай сүре десе сұрақ өшіріледі.
127,678 сұрақ
322,184 жауап
153,247 пікір
72,701 қолданушы