+1 дауыс
429 көрілді

ҚР СІМ-де Дамуға ресми көмек саласындағы ұлттық жүйені қолдау туралы келісімшартқа қол қойылды

Ү.ж. 31 қазанда Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында ҚР СІМ Басшысы Ерлан Ыдырысов БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Стивен Туллмен бірге «Қазақстанда дамуға ресми көмек саласындағы ұлттық жүйені құру мақсатындағы сараптамалық қолдау» жобалау құжатына қол қойды.

Қол қою салтанаты шетел дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдар басшыларының қатысуымен өтті.

Бірлескен жоба сыртқы саяси мекемеміздің дамуға ресми көмек (ДРК) ұлттық жүйесін құру жөніндегі қызметін қолдауға бағытталған. Жоба сараптамалық қолдау көрсете отырып, озық халықаралық тәжірибе мен жұмысын жаңа бастап келе жатқан басқа донорлардың ДРК бойынша ахуалының талдауын ұсынады, сондай-ақ тиімді шешімдерді іздестіруді жүргізеді.

Министр Е.Ыдырысов қол қою салтанатын аша отырып, халықаралық дамуға көмек көр­се­тудің ұлттық жүйесінің болуы – әлем­дегі аса дамыған мем­лекеттердің қа­тарына қосы­луға ұмтылып отырған елдің міндетті атрибуттарының бірі деп мәлімдеді. «Еліміздің экономикалық дамуы және халықаралық беде­лінің артуымен Қазақстан Рес­публикасының халықаралық және өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жауапкершілігі артады», - деп атап өтті.

Сонымен қатар, донор елі мен көмекті алушы ел арасындағы екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды орнатуға ДРК қолайлы ұзақ мерзімді ықпал етіп, әріптес мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізіп, донор елден болашақ инвестициялардың ағымына жол ашады.

Оның үстіне, ДРК жүйесі «Қа­зақстан-2050» Стратегиясын табысты іске асыру және ел халқының әл-ауқатын арттыру үшін оңтайлы сыртқы жағдай қалыптастыруды қамтамасыз етіп, бұл елімізді қалыптасқан мемлекет ретінде дамытудың жаңа кезеңінің жарық көрінісі болады.

БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Стивен Тулл Қазақстан басқа елдерге жүйелі көмек көрсетуге, сыртқы саяси дамуына үлес қосуына және тату көршілікті дамытумен өңірдегі тұрақты қарым-қатынасқа дайын екендігін атап өтті. Ол дамуға ресми көмек жүйесін құру Қазақстанға Орталық Азиядағы стратегиялық маңызды ел ретіндегі ұстанымын нығайтуға мүмкіндік береді деп атап өтті.

«Соңғы сегіз жыл ішінде Қазақстан Ауғанстан және Орталық Азияға көмек көрсету көлемі бойынша көшбасшыға айналды. Көлемі алпыс миллион АҚШ долларына жуық гуманитарлық көмекті жеткізуді қамтамасыз етті. Бұған қоса, Қазақстан көршілес мемлекеттерге техникалық көмек көрсетті. Дамуға ресми көмекті жүйелендіруге және әлемдік стандарттар мен ҚР сыртқы саясатының басымдықтармен сәйкестендіру уақыты келді» - деді Стивен Тулл.  

Дипломатиялық корпус Қазақстанның ДРК ұлттық жүйесін құру жолындағы кезекті маңызды қадам туралы жаңалықты қуана қарсы алды.

АҚШ Уақытша сенімді өкілі Майкл Клечески құжатқа қол қойылуымен тараптарды құттықтап, Қазақстанның көмек алушылар қатарынан даму жөніндегі әріптеске, ал кейінірек ұйымдасқан донорға алмасуы тарихи маңызды жағдай екенін атап өтті.

Қырғызстан Елшісі Эсенгул Омуралиев аймақтық даму саласындағы бірлескен күш-жігердің қажеттілігі мен Қазақстанның тиісті агенттік құруының маңыздылығы туралы пікірді толығымен қолдап, Қазақстанның дамуға көмек саласындағы қызметі Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді деп сенім артты.

Сондай-ақ, қызу талқылаулар барысында Қазақстанның халықаралық донорлар қатарына кіруін Испания, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Еуропалық Одақ, ЮНИСЕФ, гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі БҰҰ Басқармасы өкілдіктерінің басшылары қолдады.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...