+1 дауыс
352 көрілді
Сәлеметсізбе, мен бала күнімнен өлең жазып, облыстық мүшайраларға қатыстым. Өлең оқығанды жақсы көремін.Мектепте ұстаздарымның қолдауымен сахнаға жиі шығып жүрдім. Қазір Астанада тұрамын, екі балалы жас анамын, қасымда қолдап, жол сілтейтін жан жоқ, арманым - сахнаға шығып, өлең оқу. Бірақ осы тілегімді қалай жүзеге асырарымды білмеймін. Кезінде талай адамнан даусың жақсы, өлеңді дәл осылай нақышына келтіріп оқуды бұрын соңды ешкімнен көрмеппін деген сөздерді көп естіген едім. Енді осы арманыма жететін жолды табуға көмектеседі деген Сіздерден үлкен үмітім бар.

2 жауап

0 дауыс
Конферансье болып жұмысқа орналасып көріңіз. Сахнаға бір шыққан соң, әрі қарай басқа жанрларды да игере бересіз.
0 дауыс
Менің сізге ізденіс керек. Үйде отыр екен деп ешкім сахнаға сүйреп шығармайды. Сондықтан, түрлі кештер мен басқада мүшайралар туралы тауып біліңіз. Өзіңіз ұсынып, даусыңызды тексертсеңіз болады.
...