+3 дауыс
557 көрілді
Елестетiңiз сiз сж-сайтының Админi болдыңыз немесе сiз сатып алдыңыз сайтты т.б.с.с
Ендi бiрiншi кезекте сайтта не өзгерiс енгiзер едiңiз? Әлде осы қалыпта қалдырар ма едiңiз? Айтуға оңай болғаны үшiн қойып отырмын бұл сұрақты. Ал ендi қиялдағы фантазияңызбен жауап жазып көрiңiздер...

13 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Сайттың қазіргі құрылымы да, интерфейсі де жақсы. Тек қойылған сұрақтарға толымды жауаптар алу үшін әр саладан редакторлар жалдап, оларға азды-көпті жалақы төлеп отыру керек. Сол кезде жауапсыз қалған сұрақтар да, балл үшін жаза салынған сұрақтар да болмайды. Тағы бір маңызды мәселе - сайтқа кірген қолданушылар бір бірімен хабарласып отырса, тұрақты қолданушылар базасы қалыптасар еді. Бұл жағынан спрашивалка.ру сайтынан үлгі алуға болады.
Сен сияқты тағы төрт адам болса, жауапты толықтай алуға болар едi...
+2 дауыс
Еш өзгерiссiз калдырар ем,қазiр кiрмей жүрген Модератор,Редакторларды орындарынан алып тастап,сайтта белсiндi болып жүрген колданышуға беретiн едiм.
сайтта үнемі белсенді болып жүретін қолданушы жоқ, бәріде уақытша
Ако өте дәл айтты
+1 дауыс
Мен егер админ болсам ең алдымен жауапсыз қалған сұрақтарды жауапсыз қалдырмауға тырысар едім. Себебі, менің көптеген сұрақтарым жауапсыз қалды
Жауапсыз сұрақтарды қалай жауапсыз қалдырмауға болады? Қандай амал қолдану керек?
szh.kz сайтының бірінші бетіне жауапсыз сұрактарды қойып қоятын едим
Сұрақтардың жауабы табылмауы себебі - мектеп бағдарламасыынң есептері, болмайтын сұрақтар мен шығарма жазып беруге өтініштер көбісі. Ара - арасында жақсы сұрақтар да бар, бірақ олардың жауабын ешкім білмейді, білсе жауап берер еді. Сондықтан сұрақтардың жауапсыз қалуын мәселе деп қарастыруға келмейтін сияқты.
+3 дауыс
Мен www 123  деген қолданушыны өшіруші едім ең бірінші. Басқа жағы өзгертусіз тұра беруші еді. былай бәрі жақсы. және қатемен жазған адамдарға шара қолданушы едім. қатемен қалай болса солай жазатын адамдар көп екен осы сайтта.
онда сайттан адамдарды қашыртып жібересің ғой сен )))
123 дегенді өшірсем бе? әлде қатемен жазған адамдармен күрессем бе?)))
қатемен жазатын адамдармен  күрессең деймін да
олай болуы да мүмкін))) қатемен жазылған сөздерді оқыған кезде қатты ашуланып кетемінде сосын ғой жазғаным))))
Қатемен жұмыс істейді ғой қазір де. Ұрыс та естіп алғанбыз))
+2 дауыс
Бұл қиял да емес, фантазияның да керегі жоқ.Асыра айтып жіберген екен. Бұйыртам десе болатын дүние ғой. Сонда да ойлап көрейік. Қатемен жазатындардың жарасы жеңіл ғой. Бірінші сайтқа көп адам тарту керек. Көп адам болғанда да ересектерді көп тарту керек. Қазіргі сұрақтарды қарап отырсақ көбі есеп шығару, интернет, телефон туралы. Сұрақтың түрлерін көбейту керек. Кейбір қойылған күрделі сұрақтарға жазылған жауаптар жеткіліксіз, қанағаттанбайды. Адамды көп тарту үшін массагет сияқты сайт қылу керек, ішіне қызықты, керек дүниелерді толтыру керек. Әрине мына сайт тек сұрақ-жауап алу үшін құрылған сайт. Бірақ сұрақ-жауапты бірінші орынға қоя отырып,жаңағыларды тек бөлім ретінде қосымша жанына қосуға болады ғой. Сонда барып адамдар көп тартылады деп ойлаймын. Әртүрлі жаңалық т.б керегін қарайтын адамдар басты бөлімде тұрған сұрақ-жауапты қарайды ғой. Өзінің білмей жүрген, мазалап жүрген сұрақтарын қояды н/е білетін сұрақтарына жауап береді дегендей. Не болса да оқып жүрген, оқыған, әр түрлі салада жұмыс істейтін сияқты адамдар көп болу керек менің ойым.
Ересектердi қалай тартпақшысың? Ересектер оқушылардай қызыға кiрулерi үшiн не қажет, не өзгерiс керек сайтқа?
Жауапты дұрыс оқымағансыз. Толық оқып шығыңыз.
0 дауыс
маған ақша толесе да админ болмас едим)
Не себептi?
қызықпайм ондайларға
Көрерміз)
+1 дауыс
Осы Админге рахмет. Барлығына шыдап сайтты дамытып отырғанына. Осы сайттың сайттағы көп қолданушыға әсер еткені сөзсіз.
+2 дауыс
Сайт ережесінің сақталуын қадағалайтын едім...
Адеке қадағаламай жүр ма не?
Қадағалап жүргені шамалы )
+1 дауыс
Үнді досымнан біраз пайдалы нәрселер аламын.
+1 дауыс
Админ болған соң айтамын.
+3 дауыс
Сайтты тек ақпарат алу үшін емес, жастар кез келген тақырыпта пікір алмасатын орта ретінде қалыптастырар едім. Әрине, қазір де сондай бірақ аты сұрақ-жауап болғасын көп адамдар тек сабаққа қатысты сұрақ қоятын жер екен деп ойлап қала береді. Сайтта жарнама болғаны оғаш емес, бірақ олардың орналасқан орнын өзгертер едім. Модераторлардың жұмысын қадағалайтын едім. Кейбіреуі құқығын шектен тыс пайланады. Сосын өзіме риза боп өтер едім) Осындай сайтты ашқаным үшін!!! Қазақ жастарының рухани дамуына сәл де болса үлес қосқаным үшін!!!!!!
+2 дауыс
Бәрінің айтып жатқан ұсыныстары өте орынды. Сайт қолданушынының қажеттілігін анықтайтын жақсы сұрақ пен жақсы жауаптар алынған екен.

Ұсыныс-пікірлерді ескеретін боламын. Рахмет!
0 дауыс
Ал мен Админ болсам Krasotka Karliot деген қолданушыны банға салар едім.Себебі ол қазақ әріптерін пайдаланбайды ылғи орыс әріптермен жазады.Бірақ Админ бола алмайтын шығармын себебі қолымнан келмейді керсінше модератор бола аламын.
...