+4 дауыс
700 көрілді
Негізі бұл сұрақты өзге қолданушы қойған екен.Нақты жауап алынбағандықтан маған қажет болғандықтан қайта қойып отырмын.

Мегалайн қоспас бұрын айналайн желісін қолданғанда интернет қосар алдында қолмен, яғни высокоскоростное подключение дегенге кіріп қосатынбыз. Мегалайн орнатқалы компьютер қосылғанда интернетке кіру автоматты қосылатындай етіп берген болатын. Ал казір қосылмай тұр.Орталыққа хабарлассам компьютер баптауынан бізде ешқандай ақау жоқ дейди.

Копьютерден интернетке автоматты түрде кіру баптауын айтып жіберсеңіздер.

Телефонмен кіргендіктен қазақша кейбір әріптер болмай тұр, кешірім өтінемін.

8 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Жұрттар себебін жарысып жазыпты. Ал компьютер қосылғанда бірден автоматты түрде қосылуды "Автозапуск" немесе "Автозагрузка" деп атайды.

Сен қазір Пуск (тышқанның сол батырмасы)-Все программы (тышқанның оң батырмасы)-ашылған контексттік менюден "Открыть" командасын таңдайсың. 

Осы сәтте сен "Автозапуск" папкасының ішіне кіресің, яғни "Автозапуск" терезесі ашылады. Папканың жұмыс аймағында тышқанның оң батырмасы арқылы контексттік менюден "Создать" - "Ярлык" командаларын орындайсың.

Содан соң қосымша (ярлык) жасау мәзірінен шығасың. "Обзор" арқылы өзіңнің интернетке қосылатын жолыңды (подключение) таңдайсың. Сенде ол "Высокоскоростное подключение" немесе "megaline" атауымен жұмыс үстелінде (рабочий стол) тұрған болар. Соны таңда да "ОК" де. Келесі беттен қосымшаның атауы тұрады, оны өзгертпесең де болады. "Готово" дейсің. 

"Готово" командасын басқан соң сенің "Автозапуск" немесе "Автозагрузка" папкаңның ішінде басқа компьютер қосылғанда бірден қосылып кететін бағдарламалармен қоса сенің интернетің пайда болады. Х-ті басып жап, артық терезелерді өшір де, компьютерді қайта жүктеуге жібер (перезагрузка). 

Қайта қосылғанда интернет автоматты түрде қосылады.

Егер бұл жол жасамаса басқа жолы бар. Тек оны басы істейтін кісілер жасай алады. Түсіндіру қиын, сондықтан тек мына бетке өт, орысшасын оқып, істеп көр.

Компьютеріңнің жасап кетуіне тілектеспін, мәселелер туындаса бөлісе отыр.

+2 дауыс
Интернетке автоматты түрде кірудің қажеттілігі шамалы. Сондықтан, үйреншікті жолмен кіре бер.
Уйреншиктинин ози соны калап тур гой, колмен кирмейди. Интернетке кире алмай отырмын комппен
0 дауыс
Мүмкін емес. Білетін біреуге көрсетіп алсай.
+1 дауыс
Егер сенікі Высокоскорост подключение болса онда интернетті қажет ететін мысалы торрент,adobe flash player, торрент деген сияқты торрент программасы интернеттен скачать ететін файлды тоқтатпау үшін сенен интернетті автоматты түрде қосу керекпе деп сұрайды  сол кезде птичка қойып  белгілейсіз содан кейін автоматты түрде қосылатын шығар деп ойлаймын  бұл Windows XP,7 ОЖ кездеседі.Мен тек өзім кездейсоқ кездестіргенмін сол саған айтып отырмын!)))
+1 дауыс
роутер сатып ал сонда автоматты болады

проблема жок болады
+1 дауыс

негізі болады ғой. өзінің браузеріңізбен 192.168.1.1 кіріп, сонда логин мен пароль жазатын жері болады. сонда жазып,сақтап, сосын высокоскоростное подключение-ны өшіріп тастаңыз. (үйдегі интернетім автоматты түрде)

+2 дауыс
Оның себептері көп, сондықтан http://download.teamviewer.com/download/TeamViewer_Setup_ru.exe бағдарламасын жүктеп алып ашып, ұсынылған ID, парольді маған al-aster скайпқа жіберіп, кейін скайпқа звондаңыз. Жөндеп берейін, кейін себебі мен қалай жөнделгенін осы СЖ сайтына жаза кетермін.
+1 дауыс
Сізде қандай модем? Интернет өзі қосылу үшін модем баптауын ((настройкасын)) дұрыстау керек.
...