0 дауыс
4.0k көрілді
Өтінем ертенге деин шығарып берініздерші ертен тоқсандық бақылау Өтінем!!

1.Тасжолмен келе жатқан велосипедші 900 м-ді 15м\с , содан кейін 400 м -ді 10 м\с жылдамдықпен жүріп өтті. Велосипедшінің орташа жылдамдығы қандай?

2.Дене тыныштық күйден бірқалыпты үдей қозғалып , 10 с-та 38м жол жүреді.Дененің 12 с-та жүрген жолын табыңдар.

3. Вертикаль жоғары атылған садақ жебесі 25 м\с жылдамдықпен ұшып, 2с өткенде нысанаға дәл тиеді Нысанаға тиген мезеттегі оның жылдамдығы қандай және нысана қандай биіктіктер орналасқан.

4.Сағаттың сағаттық тілінің бұрыштық  айналу жылдамдығынан оның секундтық тілінің бұрыштық айналу  жылдамдығы неше есе артық?

5. 200 Н күш әрекетінен дене  координатасы x=50+4t+t^2 заңымен өзгеретіндей болып  түзусызықты қозғалады. Дененің массасы қандай?

6.Үстел бетімен ағаш кесегі бірқалыпты және түзусызықты қозғалып барады Оған қандай күштер әрекет етеді? Масштаб тағдап алыңдар да, осы күштерді  графикте кескіндендер.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...