+2 дауыс
13.6k көрілді
3 000 000 тг кредит алсам, ауылдық жерде қандай бизнес жасауға болады?

9 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру» атты төртінші бағыты бойынша «Даму» қоры Экономикалық даму және сауда министрлігінің тапсырысымен кәсібін бастағысы келетіндерге, сондай-ақ бұрыннан бизнеспен шұғылданатын кәсіпкерлерге экономиканың басым салаларында өз ісін ашу үшін жәрдем көрсетуді жоспарлайды. Осыған орай кәсіпкерліктің әртүрлі салалары аясында 20 үлгі бизнес-жоспар әзірленген.

Сауатты бизнес-жоспар жақсы бастамаға кепіл болып қана қоймай, шаруаның келешектегі тұрақтылығына да әсер ететіні белгілі. Жұмысқа бизнес-жоспармен кірісу – бизнесті ұйымдастыруға қатысты тағы қандай белсенді әрекеттерді қолға алу қажеттігін білдіреді. Көптеген компаниялар жұмысты бизнес-жоспарсыз-ақ бастағысы келеді. Бірақ уақыт өте, компанияны әрмен қарай дамыту қажет болған кезде, қызметті атүсті құрылым­дауға тура келеді.

«Даму» қорының корпоративтік сайтының «Өз ісің» бөлімінде орналастырылған бизнес-жоспар үлгілері өзекті мәліметтерге негізделген және нақты бағыт ретінде пайдалануға әбден жарамды. Сонымен қатар бизнес-жоспарда негізгі қаржылық көрсеткіштердің есептері де көрсетілген. Оны жаңа бизнесті жоспарлауда шаблон ретінде пайдалануға болады.

«Даму» қоры бизнес-жоспар үлгілері:

– Сүтті мал тұқымын өсіретін фермалар ашу;

– Қақталған ет өндірісі цехын ашу;

– Ірімшік және сүзбе өндіретін цех ашу;

– Кептірілген нан, печенье және өзге де нан пісіру өнімдері цехын құру;

– Көкөніс өсіретін жылыжай ашу;

– Арнайы киімдер өндірісі цехын ашу;

– Етке арналған ірі қара өсіретін фермалар құру;

– Жарма өндіру цехын ашу;

– Пластикалық терезе жасайтын цех құру;

– Металл есіктер, әйнектер жасайтын цех құру;

– Кеңсе жиһазын жасау цехын құру;

– Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау қызметтерін көрсету;

– Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау қызметтерін ұсыну;

– Қонақүйлер ашу;

– Металл қалдықтарын ұнтақтау цехын құру;

– Балалар бақшаларын ашу;

– Балалар футбол клубын ашу;

– Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету;

– Стоматологиялық қызмет кабинетін ашу;

– Автокөшу тасымалдау қызметтерін ұсыну;

Бизнес жоспарлардың мысалдары: http://www.damu.kz/9195

Ал осы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша несие алу үшін нелер қажет. Мен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытсам деп едім.
+5 дауыс

Түйеқұс шаруашылығымен айналысшиш))) (Қарашаңырақ телехикаясын көрсең түсінесің)

0 дауыс
ақбас сиыр бұқасы мен  2 жастык құнажындар сатып алып будандастырып шыққан өнімді  етке сатып ..............ары қарай жалғастырасың !
0 дауыс
құс шаруашылығы немесе қоян өсірсең болады
+1 дауыс

Қырғауылды атумен айналысып коріңіз. қазір ерігіп жүрген охотниктер көп, далаға барып, 3-4 бутылка тигизип атқанға мәз боп қайтады, Ал сіз қырғауылды асырап көріңіз, атуға ыңғайлы жер, қырғауыл ұшып кетпейтіндей болса!!Қырғауылға бағасын коясын,   келген адамға қырғауылды  ұштырасын, егер атып құлатса, қолына ұстатып жібересің, тигізбесе, қырғауыл қайтып сенікі болады, келесі адамға сондай, солай жалғасып кете береді. 

0 дауыс
Ауылдық жерде бизнес ашқың келсе мал шаруашылығына немесе егінге байланысты аш
0 дауыс
3 миллион теңгені саған бере салмайды. Сенде алдымен бизнес идеяда жоқ екен. Бизнес идея болған күннің өзінде жай бір жыл сол 3 млн теңгенің сонында документ туралаумен уақытын өтеді. Компьютер алдында отырған жігіттер қолындағы дайын қағазды берместен әуре-сарсаңға түсіреді. Бірақ, әрине пәрелеп тілін таба түссен 2-3 айда алып қаласын, алайда өзі бар-жоғы 3 млн теңге алғалы тұрған соң ешкімге көк тиын пара бергін келмейді. 3 млн тенге қарапайым өмірде тым көп ақша болғанымен бизнесте бұл сомма түкте болмай қалады.
0 дауыс
Акшаны алыныз да шет елге барып сол жакта кез келген енди адам олтирумен тонаудан баска жумыс истениз мында ештенке де иске аспаид мыкты бир таныс тамырын болмаса ондаиы
0 дауыс
Монша согуга болады бирак 30% жетпей калуы мумкин
...