МАГАТЭ-нің есебі бойынша әлемде 9 ел бар ядролық қаруы бар. Иә, біз бас тарттық, себебі: тәуелсіздік алған жылдары біздің билік батыс не айтса, соған бас шұлғып отырды, әлі де солаймыз. Батыс басқа ел сіздерге қарсы соғыс ашса - көмек береміз деп дәмелендіріп қойды. НӘН бас тартсам, әлем мені бас тартқан адам ретінде сыйлайды деп ойлады.Экономикалық жағдайымыз көтермейді деген бос сөз. Еліміздің батысындағы мұнай мен газды, орталық, шығыстағы пайдалы қазбаларымызды шет елге сатып жіберген соң осылай айтуға мәжбүр болып отыр. Өзімізден де бизнесмендер шықты ғой, бірақ берілмеді. Қалған қымбат шикізатымыз уран еді, қарсы болған адамды соттап, оны да сатып жатырмыз. Ядролық қарудың шикізаты да, басқасы да бар, мамандарымыз да бар еді. Бас тарту арқылы біз ядролық физика жөнінен көп артта қалып қойдық, өндіріс тұралап қалды. Осы қару арқылы біз көп елдермен тең дәрежеде сөйлесетін едік.