0 дауыс
4.6k көрілді
Ислам мәдениеті туралы 8 класс үшін шығарма керек?

2 жауап

0 дауыс

Ислам дінінің ерекшеліктері:

1. Ислам – соңғы дін. Ислам дінінен басқа дін келмейді, үкімдері қиямет күніне дейін жалғасады. Ислам дінін адамадарға жеткізіп, баяндаған Хазіреті Мұхаммед (алейһіссәлем) соңғы пайғамбар. Одан басқа пайғамбар келмейді.

2. Ислам – дүниежүзілік дін. Алдыңғы пайғамбарлар жеткізіп, баяндаған діндер тек қана белгілі бірұлтқа, халыққа келсе, Ислам діні бүкіл дүние жүзіндегі халықтарға жіберілген.

3. Ислам дінінің үкімдері барлық адамдардың мұқтаждарына жауап бере алатындай кәміл. Сондықтан басқа діндерге сенуге ешқандай қажеттілік қалмаған.

4. Ислам діні өзінен бұрын Аллаһ тарапынан жіберілген пайғамбарлар мен діни кітаптардың бұзылып бұрмаланбаған түп нұсқаларын растап мойындайды.

5. Ислам діні алдыңғы пайғамбарлар баяндаған діндердің үкімдерінің күшін жойған. Өйткені олар белгілі бір халыққа, әрі белгілі бір уақытқа жіберілген. Ал Ислам діні болса, барлық халыққа жіберілген және қиямет күніне дейін жалғасатын дін.

Исламның негізгі екі бағыты – сүннизм, шиизм және бірнеше тармақтары, секталары бар. Ислам – бұл тек дінге сену ғана емес, сонымен қатар өмір сүру мен сананың ерекше түрі. Исламның негізгі ақиқат – бір құдайға табыну.

Мистицизм – нақты ақиқатқа ақыл-оймен жету мүмкін емес, оны тек интуитивті сезінуге болады дейтін көңіл-күй. Философтар Платон мен Аристотельдің саяси теориясымен таныс болды, кейбіреулері, әл-Фараби сияқты ойшылдар саяси трактаттар жазды.

Қазақстан территориясында исламның таралуы бірнеше жүз жылдарға созылды.

Оңтүстік Қазақстандағы көшпенділер арасында исламның тарлуына үлкен үлес қосқан сопы орденін құрушы – Қожа Ахмет Йассауи. Оның өлеңдері құдайдың құдіретінің күшті екендігі жөнінде және оған мойынсұнудың қажеттігін уағыздайды.

Ислам мұсылмандықты қабылдаған басқа халықтар сияқты қазақтарда да ислам діні пайда болғанға дейінгі әртүрлі салт-дәстүрлермен қоян-қолтық араласып кетті. Қазақтар өздерін мұсылманбыз деп сезініп, бұрыңғы ата-бабаларынан қалған салт-дәстүрлерді мұсылмандық деп санады.

0 дауыс

Дін – халық мәдениетінің рухани негізі, баға жетпес құндылығы. Оның қоғамда алатын орны зор және ерекше, діні жоқ, яғни дінсіз қоғамды елестету мүмкін емес.Тарих қойнауына үңіліп, беттерін парақтасақ, қай ұлттың болмасын, қалыптасуы, даму қарқыны, көркею үдерісі жайында тілі, діні, мәдениеті, өнері, кәсібі мол ақпарат береді. Дін ұзақ жылдар бойы, ғасырлар бойы қалыптасып таралған.
Бізідің мемлекетіміз –Тәуелсіз, зайырлы мемлекет, яғни қай дінді қабылдаймын десең, өз еркің. Қазір әлемдік үш дін – Ислам, Христиан, Будда діндері бар. Үндістан жерінде Гаутама негізін қалаған әлемдік Будда дінінің басты кітабы Таурат болса, Исаның Інжілі – христиандық адамдардың, сол дінге табынушылардың кітабы. Ал біздің елімізде кеңінен қанат жайған дін – Ислам діні. Бұл діннің негізін салушы – Мұхаммед Пайғамбар, ал қасиетті кітабы – Құран кәрім. Осы әлемдік үш діннің басқа иудаизм, даосизм, конфуциялық, синтоизм секілді этностық діндер мен анимизм, тотемизм сияқты дәстүрлі діндер де бар. Қазіргі қоғамдағы жас ұрпақ арасында жоғарыда аталған діндер туралы мәлімет беріп, ақпарат тарату - өмір талабы. Себебі оңы мен солын, ақ пен қараны, жақсылық пен зұлымдықты енді ғана ажырата бастап, әлі толық қалыптасып үлгірмеген жас буынға дін туралы түсінік қалыптастыру арқылы оларды кесе-кедергілерден аман алып қалуға болады.Олай деуімізге негіз бар: діннің не екенін, мақсаты мен мұратының қандай екенін жете түсінбеген қаракөз қандастарымыз түрлі жалған ағымдардың жетегінде кетіп бара жатыр. Жалған ағымдар әркез дінге қайшы, оны жақтамайды, олар – халықаралық лаңкестік ұйымдастырушы, діни экстремизмді жақтаушы секталар, теріс ағымдағы топтар мен дінмен он қайнаса да, сорпасы қосылмайтын ұйымдар. Олардың мақсат-мүддесі – біреуге немесе бір ұйымға, тіпті мемлекетке жала жабу, жамандық жасау, қастандық ұйымдастыру, ағайынның ортасына от тастау, ұлт пен ұлыстың арасына алауыздық туғызу, қақтығыстың тууына ұйытқы болу, аққа күйе жағу, бейбіт өмірді бұзу.
Егеміндігін күні кеше алып, еңсесін енді ғана тіктеп келе жатқан жас мемлекетімізде де мұндай келеңсіздіктерге, қара ниетті күштерге, жол беріліп жатады, бұл да тәжрибенің жоқтығынан шығар. Мысал ретінде аты кезінде гүрілдеп тұрған «Хизбут-Тахрир» деп аталатын діни экстермистік партиясын, «Кришна санасы қоғамын» айтсақ та жеткілікті. Бірақ алдағы уақыттарда осы сияқты қателіктер болмайды деп ойлаймын.
Жүз діннің жетегінде жүрген қазақ,
Халықпыз қазақ деген өзі де аз-ақ.
Бірігудің орнына бөлінеміз,
Тарихыңда болмаған мұндай азап,- деп, М.Болатұлы өзінің «Бауырлар» атты өлеңінде жырлағандай, тарихта қазақ халқы жүзге, руға бөлінсе, енді келіп, түрлі жалған ағымдардың арбауына түсіп жатыр. «Бірлік болмай, тірлік болмас» демекші, тек біріккенде, татулықта ғана ұлттық бірлігімізді сақтай аламыз. Себебі біз- ислам әлемінің бір бөлшегіміз, ал оны әрә қарай бөлшектеудің қажеті жоқ. Ұстанып отырған дінімізді бұрмалаудың да қажеті жоқ.Секталардан, теріс пиғылдағы ұйымдар мен жат топтардан сақтанбасақ, берекенің бәрі – тәуелсіздігіміз де, байрағамыз да, тіліміз де баянсыз болып қалуы үшін, алтыны мен күмісі үшін қандастарымыз ардан айырылады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ислам діні жайында былай дейді: «Исламдық қауіп-қатер» деген ұғымды еріннің ұшымен айта салу оп-оңай болғанымен, оның үрейлі қанатының кеңге жайылып бара жатқаны соншалық, енді ислам тарапынан болатын мифті қауіп-қатер туралы емес, Исламның өзін нақтылы қорғаудың қажеттілігін сөз ететін кез келді». Расында, соңғы кездері Ислам елдеріндегі оқиғаларға байланысты ислам діні «Лаңкесшіл дін» деп те аталып жүр. Ал «Ислам» мен «Лаңкестік» - бір-біріне мағынасы қайшы сөздер, біріншісі «Бейбітшілік, татулық» деген мағынаны білдірсе, екіншісі «қырып-жою, талқандау» дегенді білдіреді. Ислам діні бейбітшілік пен татулыққа негізделсе, онда соғыс өртін тұтандырушы кім? Дінді саудаға салып, жастардың ойын тұмандандырып жүрген секталардың өрісі қайтсе тарылмақ? Бұндай келеңсіздік орын алмауы үшін, біріншіден, дінді бұрмалауға жол берілмеуі тиіс. Басқа ағымдағыларға жол берілмей, жұмыстарына шектеу қойылса, ұлттық біртұтас дін қалыптасар еді. Жаңа ғана дінге ден қойып, имандылыққа бет бұрған қазақтың жас буынын іштей жіктемей, дұрыс жолға, бұрмаланбаған ислам жолына бастауымыз керек.Сол үшін нағыз Исламды насихаттайтын Қазақстан діни басқармасының ықпалы, қызметі, құқықтық мәртебесі күшеюі керек.Екіншіден, мұны тек діни басқарманың бойына артып қоймай, бүкіл халық болып, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары, құқық қорғау органдары, зиялы қауым, оқу орындарының бәрі атсалысып, жұмылдырылуы керек.Тағы айта кетерлік жайт, «Дінтану негіздері» сынды кітаптар арқылы дін жайында түсінікті жастайынан, мектеп жасынан қалыптастыру арқылы діни емес ұйымдардың жетегінде кетудің алдын-алуға болады. Сонымен қатар, таза дін адамдары жастарға көбірек көңіл бөліп, олармен ашық пікірлесетіндей кездеулер ұйымдастырылса, нұр үстіне нұр болары хақ.
Әлемдік діндердің ішіндегі тазалықты дәріптейтіні –Ислам діні. Ислам діні – адамның абыройы мен ар-ожданын жоғары қойып, әділдік пен бейбітшілікті ту етіп, он сегіз мың ғалам иелеріне қылдай қиянаттың болмауын қадағалайтын дін. Бейбіт қарым-қатынаста тіршілік етіп, тыныштықта тату-тәтті өмір сүруді уағыздайтын бұл дін адамды мейірімді іске шақырып, жүрегінің ақ ниетті болуына септігін тигізеді.Тек ғана Ислам дінін емес, өзге де діндерді алып қарасақ, әлемде лаңкестікті, экстремизмді, соғысты жақтайтын діннің жоқ екенін көз жеткізуге болады.
Елімізде дін айналасында атқарылып жатқан шаруалар да аз емес. Биылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Елбасы Ұлы далада, яғни қазақ жерінде әлемдік дәстүрлі діндер өзінің бейбітшілік рухын ұялатқанын мәлім етті.ұлтаралық, дінаралық татулығы бар елдің шоқтығы әрқашан биік болмақ! Қазіргідей берекесі мен бірлігі жарасқан Тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымыз – Елбасының салиқалы саясатының арқасы. 130 ұлт пен ұлыстың аспанына бейбітшілік көгершінін қондырған Елбасын бергеніне Ұлы далаға мың тағзым!
Өз ойымды Мұхамметқали ағамыздың мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Ел болуға Ислам дінің керек,
Екінші ардақты Ана тілің керек,
Еңбек керек.
Осының бәрі болса,
Аю да, айдаһар да дірілдер ед.
 

Бөкей ордасы ауданы
Мұхаммед- Салық Бабажанов атындағы
Жалпы орта білім беретін мектебінің
10-сынып оқушысы
Даулетова Шынар

...