0 дауыс
295 көрілді
2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарымен шамамен 850 объектіні бәсекелестік ортаға беру қарастырылған. Бұл нақты тізім немесе ол қайта қаралуы мүмкін бе, және компаниялар қандай қағида бойынша таңдалды?

1 жауап

0 дауыс

Жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде сатылу үшін берілген ұйымдар тізімін құру 2014-2016 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарымен анықталған критерийлерге сәйкес салалы министрліктердің ұсыныстары бойынша жүзеге асырылды.
Одан басқа, Жекешелендірудің кешенді жоспарымен мемлекеттің қатысуы бар ұйымдар қызмет ететін тауар нарығындағы бәсекелестік ортаның талдауын тұрақты жүргізу қарастырылған. Талдау қорытындылары бойынша аталған нарықта олардың әрі қарайғы қызмет етуінің мақсаттылығы туралы сұрағы қарастырылатын болады. Бұл бекітілген тізім өзгеретіндігін және толықтырылатындығын білдіреді. Кәсіпкерлік қызметтегі мемлекеттік қатысу тұрақты негізде қысқартылатыны болжанады.

...