Біріншіден,кітапты ашқан уақытта міндетті түрде мазмұнын көзбен бір шолып өтіңіз.Егер сізге мазмұны түсінікті болса, кітапты оқу сізге оңайға түседі.
Екіншіден,кітаптың тақырыбына(атына)назар аударыңыз.Егер автор өзінің туындысына жағымды, жақсы, маңызды атты ойлап тапса сізге қызық болатынына шүбе келтірмеуге болады.Ең, бастысы, кітаптан өзіңізге маңызды мәліметтер алу, рухани жағынан өсу.
Үшіншіден,сіз кітаптан нені іздедедіңіз? соны анықтап алыңыз.Нақты не іздегеніңізді анықтап алсаңыз оқуға оңай болады,әрі сізге қызық бола түспек.Кітаптың сыртқы сапасына емес,ішкі сапкасына көңіл аударыңыз.
Төртіншіден,бұл кітап туралы басқа адамдардың не ойлатыны, пікірі туралы біліп алсаңыз да артық етпейді.Әдебиетке жақын адамдардан да, тіпті,қарапайым адамның пікірін сұрап алыңыз.
Бесіншіден,бұл бөлек тақырып болсада, оқу жөнінде өз жеке ойымды айта кетейін.Қолыңыздағы кітапты оқу бөлек нәрсе, оны түсіну бөлек, сол кітапты жетік түсініп алу үшін кем дегенде үш мәрте оқып шығыңыз.Кітапты оқу үш кезеңнен тұрады.