+2 дауыс
158k көрілді
"Мен өз елімнің патриотымын!" атты тақырыпқа шығарма жазып бересизбе?? Өтініш!? Алла разы болсын!

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Мен елімнің нағыз патриотымын
Егер әлемнің картасын алып қарасақ, Еуразия материгінің дәл жүрегінде  мен үшін өте ыстық, өте әдемі жер орналасқан- ол Қазақстан.
Мен үшін Қазақстанның қыр жерлері де, суық аяздары да, терең сулары да қымбат, осы жерде менің ата- бабаларым туып - өскен, олардың тарихы менің тарихым, олардың туған тілі - менің тілім.
Менің елім ерекше ел, өйткені тек  біздің елде бір жүзден астам халықтар тату тәтті өмір сүреді, тек біздің елде, мамырдың бірі күні үлкен халықаралық мереке болады, барлық елдер өз ұлттық киімдерін киіп, өз ұлттық тағамдарын дайындап әр түрлі тілдерде өлеңдер айтып, би билейді, тек біздің елде сондай жоғары деңгейде наурыз деген керемет мереке тойланады.
Менің елім ерекше, өйткені менің елімде ұлы адамдар өмір сүрген, ол Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Сәкен Сейфулин, Қаныш Сәтбаев, Мағжан Жұмабаев және тағы да көптеген бүкіл әлемге әйгілі адамдар.
Менің елім үшін Әлия, Мәншүк деген батыр қыздар өз жандарын аяған жоқ, мен  өз  жерлестерімен мақтанамын.
Қазақстанда тұратын адамдар да басқаша: мейірімді, қонақжайлы, тәрбиелі.
Тек менің елімде Алматы қаласында сондай дәмді, жұпариісті алмалар өседі, тек біздің қазақ әжелеріміздің бауырсақтары сондай тәтті болады, тек біздің суреттерімізде жасыл шөптің үстінде әдемі жылқылар жайылып жүреді, киіз үйдің қасында үстелдің басында көп адамдар шәй ішіп отырады, барлық осы жағдайлар мен үшін қымбат, мен үшін ыстық.
Алғаш рет бала бақшада болған кезде, мен қолымды жүрегіме қойып  Қазақстанның әнұранын айттым, сол кезде жүрегімде, сезімімде бір сөз айтылмайтын сезім пайда болды, мақтаныш па? қобалжын ба?...  осы сезім менің жүрегімде мәңгілікке қалады, әр дүйсенбі күні мектепте әнұранды айтқанда, менің ішкі дүниемнен көптеген сезімдер өтеді:отансүйгіштік, ел үшін мақтаныш, осы барлығы болмау мүмкін деген қорқыныш билейді.
Теледидардан Азия олимпиадаларын қараған кезде, біздің туымыздың бірнеше рет көтерілуін көргенде, мен бақыттан жылағым келді, бірақ жылауға мен ұялдым.
Мен өз отанымен мақтанамын, жазғы демалыс күндері мен Астана қаласында болдым, зәулім сарайларды, керемет ғимараттарды көріп мен таң қалдым. Байтерекке көтеріліп Нұрсұлтан атамыз қолын салған ізге қолымды қойып, мен жан жағыма қарағанда, Астананың соншалық әсемділігіне, кереметтілігіне қуандым, өз елім, өз халқым үшін, мен ойладым – «қандай біз бақытты елміз, бізде осындай танғажайып Астанамыз бар», мен өмірімде сонша көп гүлдерді бірінші рет көрдім және гүлдер жәй емес оюлар, әріптер, фигуралар түрінде өседі.
Астанада мен бір неше күн болдым, халықаралық сайысқа қатыстым, бос уақыт кезінде мен ата-аналармен қаланы араладым, «Думан» орталығына барып балықтарды көрдім, «Мега» орталықта әртүрлі аттракционардарға бардым, Есіл өзенінің үстінен орналасқан көпірмен жүргенде қаланың тынысы естіледі екенін көрдім. Астананы мен ешқашан ұмытпаймын.
Көптеген энциклопедиялар оқыған кезде әр түрлі елдердің керемет жерлерімен  танысасын , мысалы Акрополис- әлемнің бір ғажайып жері,  мен сондай керемет жерлерге барушы едім, тек бір аптаға, сосын өз Қазақстаныма оралушы едім, өйткені менің отанымнан мен үшін артық жер жоқ.
Осы үлкен, керемет елде менің кішкендай туған елім бар, ол Павлодар қаласы, біздің қаламыз басқа қалаларға ұқсамайды, қыста бізде өте суық күндер болады, ал жазда өте ыстық күндер, ал мамыр айында көшелермен жүргенде көзім тоймайды, қандай біздің қаламыз таза, жасыл, әсемді.
Мен үздік оқушымын, сабақтарды тек өте жақсы оқуға тырысамын, өйткені өскенде мен жүрек емдейтін дәрігер боламын, жылда көптеген адамдар жүрек ауруларынан көз жабады, менің атам да, мен мықты дәрігер болуға тырысамын, өз халқым үшін , өз елім үшін көп еңбек жасаймын.
Биыл біздің республикамызда «Жас Қыран» мен «Жас Ұлан» ұйымдар ашылды мен «Жас қыран» ұйымның  мүшесімін, мен үшін ол керемет жағдай, күшім келгенше, мен біздің алдымызға қойылған мақсаттарға жетуге тырысамын.
Менде бір неше арман бар, біріншіден,  Қазақстан халқының денсаулығы жақсы болсын, адамдардың денсаулығы мықты болса, олар ел үшін, өз отбасылар үшін көп пайда әкеледі, көп еңбек жасайды екіншіден, біздің Қазақстанымыз Жапония, АҚШ, Франция елдерімен қатар тұрса ғой деп армандаймын, және мен білемін болашақта ол болатын жағдай.  
Егер менен біреу сұраса  «Сен үшін өмірінде не бірінші орында тұрады - отбасын, мектебін, достарын, туған жерін?».  Менің жауабым барлық компонентер мен үшін қымбат, бірақ барлығы туған жерден басталады, отбасым, мектебім, достарым, туған жер болмаса ештеңе болмайды.
Мен өз елімнің нағыз патриотымын, «патриот»  деген сөз мен үшін өз елін жақсы көру, қадірлеу, өз елін үшін көп еңбек жасау, ел үшін ойлау, біздің елде әр түрлі қиын жағдайлар болған кезде мысалы  табиғи апаттар мен  елім, халқым  үшін қорқып кетемін.
Бәріміз Қазақстан халқымыз бірігіп, тату тәтті өмір сүруге тырысу керекпіз, қалаларымызды, көшелерді таза ұстау керекпіз, шет елдерден бізге қонақтар келген кезде ұят болмау керек, еліміз үшін көп жақсылық жасау біздің міндетіміз, мен әрқашанда патриот болып, өз елімнің көркеюіне үлес қосамын, шығарма жазып отырғанда есіме келесі сөздер түседі.
 
Ең бірінші бақытым- халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін...
Ал, екінші бақытым- тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Бақытым бар үшінші- Отан деген,
Құдай деген кім десе- Отан дер ем!
М.. Мақатаев

0 дауыс


Мен елімнің патриотымын!

Елбасы Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» – деп атап өткен болатын. Ел Президентінің бұл сөзі жастарға серпіліс беріп және оларға үлкен сенім артатынының дәлелі. Елім, жерім, тілім, дінім деген әрбір қазақты патриот дейміз. Алайда бүгінгі өсіп келе жатқан жаңа буын, ертеңгі ел тізгінің ұстайтын азаматтарымыз патриот ұғымын қалай түсінер екен? Назарларыңызға шағын түрде жүргізілген сауалнаманы ұсынамыз.

Патриоттық ұғымды қазіргі уақытта қалай ұғынасыз? Сіз өзіңізді патриотпын деп айта аласыз ба?

Гүлмира, Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің студенті:

Менің ұғымымдағы патриоттыққа келер болсақ, біріншіден, мен өзімді патриотпын деп есептеймін. Менің бұған дәлелім, кез келген жерде кез келген уақытта тек қазақ тілінде сөйлеймін. Егер маған қазақ тілінде ақпарат бере алмайтын орта болса, ана тілімізде жауап қатуды талап етемін. Менің бұл өз тіліме деген үлкен құрметім. Патриоттық ұғымымызда еліне, туған жеріне деген ғана сүйіспеншілікпен ғана шектеліп қоймайды, ол қазақ халқына тән барлық құндылықтарды құрметтеу болып табылады.

Айнұр, Қазақ Ұлттық Университетінің магистранты:

Әрбір қазақпын деген азамат, ол өз елінің патриоты болуы тиіс деп ойлаймын. Сол секілді мен де өзімді патриотпын деп толық айта аламын. «Отан от басынан басталды» демекші. Кішкентай күнімнен ата-анам мені мектепке бермей тұрып-ақ маған әнұранды жаттатқызып, рәміздер дегеніміз не екенін, олардың мемлекет үшін маңызы қандай екенін ұғындырып өсірді. Осылай менің туған Отаным деген алғашқы патриоттық сезім қалыптасты. Қазірде халқымыздың өткен тарихы мені қатты қызықтырады, ол туралы оқудан, танып-білуден жалыққан емеспін. Бұның барлығы менің ұлтыма деген сүйіспеншілік, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да қазіргі уақытта өзіміз секілді жастар бойында бірінші орында тіліне, еліне, жалпы айтқанда өзінің ұлттық құндылықтарына деген құрметі тұруы басты міндет деп есептеймін.

Ерлан, Мәскеу университеттерінің бірінде оқитын аспирант:

Мен әрине, өзімді патриотпын деп санаймын. Қазір мен елімнен жырақта, көрші мемлекетте білім алып жатырмын. Менің бөлмемде көк туым мен қазақтың қара домбырасын қоспағанда көрпе-жастығымнан бастап, жамылатын жапқышыма дейін қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен өрнектелген. Қара шайды да арнайы қазақтың оюы салынған кесемен ішемін. Қол дорбам да, қалта әмияным да қазақтың нақыштарымен жасалып, тігілген. Мен бұның барлығын арнайы іздеп жүріп сатып алғанмын, кейбірін тапсырыспен жасаттым. Өз еліңде жүрген уақытта аса білінбейді екен. Ал өзге елде жүргенде туған жерге деген сағынышты айтып жеткізу мүмкін емес. Қазақстанға қатысты қандай бір жаңалықтар болып жатса, бәрін жиып қойып тыңдаймын. Қасымда Африкадан, Түркиядан, Индиядан бірге оқитын достарым бар. Олар біздің дәстүрімізге, мәдениетімізге үлкен қызығушылар танытады. Бұл мен үшін мақтаныш. Өзімді қазақ екенімді, қазақ болып туғанымды мақтан етемін. Патриоттық, меніңше, білгелі бір уақытқа, кезеңге бөлінбейді. Ол әрқашанда өзінің ұлтына деген ыстық сезімнен тұрады.

Аида, Қазақ Ұлттық Университетінің магистранты:

Өзімді патриотпын деп ойлаймын. Әрбір қазаққа қатысты дүние болса, оған бей-жай қала алмаймын. Қолымнан келгенше көмегімде ұсынуға дайын тұрамын. Бұл ұлтыма деген ыстық ықыласымнан деп білемін. Өз бойымдағы патриоттық сезімді сөзбен жеткізіп айту қиын, әрине. Былтыр Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарында еліміздің әрбір спортшысына жанкүйер болдым. Әсіресе спортшыларымыз алтыннан алқа тағып, көк туымыз көкте желбіреп, әнұранымыз шырқалып жатқан уақытта көзіме еріксіз жас келді. Бұл бір қазақ ұлтына деген ұлы махаббаттан деп айта алар едім. Қазіргі уақытта патриоттыққа келер болсақ... Мін сізге мынандай бір мысал келтірейін, бірде таңертең үйден шығып аялдамаға қарай бара жатсам, жасы 3-4 шамасындағы түріктің баласы қолын жүрек тұсына қойып, айқайлап қазақтың әнұраның айтып келе жатыр. Әнұран біткен соң екінші қайтара тағы айтты. Қасында жетектеп келе жатқан әкесіне сен де бірге қосылып айт деп қолқа салып қояды. Байқап келе жатқан мен, оған қызыға, таңдана қарадым. Міне, Отанды сүю отбасынан басталады деген осы. Күнде таңертең сол жолмен кетіп бара жатқанда қаншама қазақтың кішкентай баласын көремін. Бірі мектепке, бірі балабақшаға асығып бара жатқан. Бірақ ешқайсының осылай әнұран айтып кетіп бара жатқанын осы уақытқа дейін байқамаппын. Айтпағым қазақтың әрбір баласын кішкентайынан осындай тәрбиеге баули білсек, шынымен еліне, ұлтына жаны ашитын ұрпақтың саны көп болар еді.

Мәулен, студент:

Әрине, патриотпын деп айта аламын. Оған толық негіз бар. Өткенде білесіз, Шахтер мен Селтик арасындағы ойынды. Қаншама қазақ жанкүйер болды. Соның ішінде мен де бармын. Менің футболға аса қызығушылығым жоқ. Алайда өз елімнің командасы ойнап жатқанда, бей-жай отыра алмадым. Шын жанкүйер болдым. Ойынды дәл стадионға барып көрмесек те, достарымызбен жиналып үйде қарадық. Көк туымыз қолымызда, голдар соғылып жатқандағы қуанышты сәтті айтып жеткізу мүмкін емес. Осының барлығы елге деген сүйіспеншіліктен. Егер патриот болмасақ, мұндай қуанышты сәтте жүзімізге қуаныш та күлкі де ұяламас еді. Керісінше, ой, қойшы бұлар бәрібір ұтылып қалады, ойнай алмайды деп қолды бір сілтеуге де болар еді. Қазіргі уақытта патриоттық деген, меніңше, бірінші орында елге, сосын тілге құрметтен басталды. Патриотпын деген жастар ең бірінші сол – ана тілімізге деген құрметтен бастаса екен.

0 дауыс

Мен өз елімнің патриотымын

Патриот – Отанның мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам.

Мирза Фатали Ахундов

Мен өз елімнің патриотымын. Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. 
Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата – анасын, туған – туыстарын жақсы көруден басталады емес пе?! Өз баласына жақсы тәрбие беру кез келген адамның міндеті, мейлі ол мұғалім, мейлі ол жұмысшы, дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Тату тірлік пен ауызбірлік жылы ұямызға арқасын кең жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ. Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ңұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын. Осы тәрбиенің ең маңыздысы – балаға патриоттық тәрбие беру. 
Халқымыздың тарихына терең үңіле білсек, жасынан жарқыраған күміс көмей әнші, жау жүрек батыр, нар тұлғалы палуан елі мен жері үшін аянбағаны баршаға мәлім. Ендеше көкірек көзімен тарихты тамырынан тамшылата жас ұрпақ зердесіне зерлей, шырайлы сөзбен кестелей таныту ата – ана мен ұстаз – тәрбиеші шеберлігіне байланысты.
Мен оқушы қалпымнан кішіпейілділік, қайырымдылық, мейірімділік, ізеттілік, инабаттылық, әр істі тиянақтылықпен орындап, жауапкершілікпен қарау, үлкендерді сыйлау, тағы да осы секілді асыл қасиеттерді бойыма жиып, тиімді жұмыс жасай білуге дағдыландым. Бүгінде мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастырып, қосымша білім беру жолында жұмыс жасап жатырмын. Халық мұрасы саналатын ата – бабаларымыздан қалған өсиет, нақыл сөздерін, ұлағатты тұлғалардың, би – шешендердің өнегелі өмірін қазіргі жас ұрпаққа үлгі етіп келемін. Туған жеріміз Сырдың бойынан небір абыз – жыраулар, белгілі тұлғалар, сөзі өткір, орақ тілді би- шешендер дүние табалдырығын аттаған. Бірақ, өкінішке орай олардың барлығын бірдей балалар біле бермейді. Мысал ретінде өзіміздің Қармақшы ауданындағы «Төребай би» аталатын ауылды алып көрелік. Төребай би ауылын барлығы білсе де Төребай бидің қандай тұлға болғандығын, қандай қызметтер атқарғандығын біле бермейді. Сыр өлкесіне танымал қайраткер Төребай Пішанұлы соңғы кездері ескерусіз қалып барады. Бидің көзін көрген, сөзін тыңдаған, ол турасында есітіп білгендердің қатары сиреуде. Осы жайтты ескере маған неліктен Төребай би туралы оқушылармен іс - шара өткізбеске деген ой келді. Иә, балалар ұйымдастырылған шараға үлкен қызығушылықпен қатысты. Іс – шара соңында оқушылардың пікірін сұраған болатынмын. Сонда №26 мектептің 8 сынып оқушысы Ікрамова Ақшолпан: « - Бүгінгі шара маған ұнады. Ешкім әлі өтпеген, ешкім тани білмейтін Төребай би жайлы маңызды іс - шара өтілді. Ол кісі жөнінде көп мәлімет білдік. Келер іс – шараларда да ешкім тани білмейтін тұлғалар жайлы өтсек» - деген ұсынысын білдірді. Төребай Пішанұлының шыққан ортасы, жасынан намысқой, сөзден де, істен де ақысын жібермейтін батыл, қайсар жігіт болып өскендігі, ел арасында көптеген дауларды шешкендігі, болыстық қызметіндегі халықтың тұрмысын жақсарту, той, ас басқару, өнерге баулу, егін егу, ағаш отырғызу,отырықшылыққа үйрету,салт-дәстүрді дамытудағы еңбегі туралы білген оқушылар ізденіс жасаудан жалықпайды. Алдағы уақытта да алған бағытымнан таймай, бар күш – жігеріммен жұмыс жасай бермекпін. Осылайша болашақтың тұтқасын ұстар жас өрендердің бойына тәрбиенің құнды дәнегін сепкім келеді. Балалардың ізденімпаз, жаңалыққа жаны құштар, қоғамдық іс – шараларда белсенділікпен қатыса отырып шығармашыл болып қалыптасуына, туған тілінде сөйлеп, отанын, туған елін, туған жерін сүйе білуге титтей де болса өз ықпалымды жасай алсам – ол менің үлкен жетістігім. Ал менің осы жетістігім келешекте өз Отанымның дамуы жолында зор үлесін тигізуі мүмкін. 
Менің кеудемде дамылдаған жүрегім бір сәт те тоқтамай соғады, демек ол туған жерінің ауасын, табиғатын сүйеді. Ал ол жүрек – менің өмірім, менің Отаным. Еліміздің Әнұранын айтуға даярланған сәтте менде ерекше сезім пайда болады. Тіпті сөзбен айтып жеткізе де алмастаймын. Өн бойым қуанышқа толып, көзіме еріксіз жас келеді. Сол демдегі ой «Мен неткен бақытты адаммын!» деп іштей жаңғырып тұрады. Неге, өйткені мен тәуелсіз Қазақстан атты елде тұрамын. Белгілі орыс ақыны, жазушы Илья Эренбург «Қазақтар иен далада жел жетпес жүйрік мініп дағдыланған, ал бірақ қажет болса, олар еңбектей де біледі, жүгіре де біледі, биік тауларға өрмелеп те шығады, саз балшыққа малшынып та жата алады. Оларды ешкім де, ештеңе де тоқтата алмайды», - деп, қазақ халқына сипаттама береді. Бұл сөзден қазақтың қайсарлығы, батырлығы, батылдығы көрінеді. Не нәрседен болса да қаймықпай, ерлік істер көрсете білетіндігі байқалады. Осыншалық қайсар халықты мақтана да, марқая да айтсақ болады емес пе?! 
Мен өз елімнің патриотымын, себебі мен Отанымды , туған халқымның тарихын, ана тілін, салт - дәстүрін, Ата Заңын құрмет тұтамын. Халқымның рухани құндылықтарын, мәдениетін, тілі мен дінін, дәстүрін одан әрі жаңғырту жолында өз үлесімді қосамын. Өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар – ожданы жоғары намысқой азамат тәрбиелеуде еш аянып қалмасым анық. 
«Барлық халық пен ұлт барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс» деген еді ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот атамыз Бауыржан Момышұлы. Бұл сөздің астарында өз ұлтыңды ерекше сүй, сол арқылы өзге ұлтты сүюге үйрен деген ой жатыр.

0 дауыс

Мен елімнің патриотымын!​

Астана қаласы 

Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тулеубаева Марал Сабырқызы

Мақсаты: Балаларды Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту. «Патриот » деген сөздің терең мәнін түсіндіріп өту.

Отанды сүю – от басынан басталады.

Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл.

Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.

Мақалдардың мағынасын талқылап, түсіндіру, балалардың пікірлерін тыңдау.

Көрнекіліктер: суреттер, қарындаштар, ақ қағаз, түрлі - түсті қарындаш.

Жаңа сабақпен таныстыру.

Сұрақ - жауап.

- Балалар «патриот» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- «Патриот» қандай болу керек деп ойлайсыздар?

- Тақтамен жұмыс: «Патриот» болудың өсиетті сөздері бар екен, қане оқиық: /слайд арқылы көрсету/

Бұл сабақта әрбір азаматтың қандай құқығы мен міндеті бар екендігін түсінеміз.

Азаматтың құқығы ғана емес, азаматтық парызы да бар.

Әрбір азаматтың төлемақысыз білім алуға, дәрігерге қаралуға, бір - бірімен қарым - қатынас жасауға т. с. с. құқықтары бар екен.

Менің атам айтқандай «... әрбір азаматтың бір құқығы болса, екі міндеті болады. Ол дегеніміз: қазір білім алып оқысақ, ертеңгі күні біз біріншіден Қазақстанның нағыз азаматы боламыз, екіншіден: ата - анамыз алдындағы парызымызды өтеу керекпіз. Бұл әр азаматтың борышы» деген сөзі бартын маған өсиет қылып айтып кеткен.

Бірақ нағыз азамат болу оңай емес екен. Ол үшін адамгершілік, жауапкершілік, әдептілік керек.

Еліңнің нағыз азаматы болу үшін Қазақстанның заңдарын біліп, сақтау керекпіз. Біздің елде әр азамат он төрт жастан бастап істеген ісіне жауапты болады.

Мұндай заңдылық біздің қазақ жерінде үлкен сыныптарға барғанда «ТАРИХ» сабағынан өтесіздер, сонау Әз Тәукенің тұсындағы «Жеті жарғыдан» басталған.

Ата заңын ардақтай алмаған азамат, елінің де қадіріне жете алмайды.

Балалар жаңа сабақты тыңдайды.

Сұрақтарға толық жауап береді.

Ережелерді есінде сақтайды.

/Слайд көріп шыққаннан кейін/

Сіздер кішкентай балапандар – еліміздің болашағысыздар. «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан...» деп Абай атамыз жырлағандай елін сүйген азамат болуға сіздер міндеттісіздер.

- Міне осы өсиеттерді есте сақтау әр кімге де қажет.

Ал ендігі тапсырма, отан туралы мақал - мәтелге көңіл аударайықшы:

Отанды сүю – от басынан басталады.

Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл.

Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.

Мақалдардың мағынасын талқылап, түсіндіру, балалардың пікірлерін тыңдау.

Міне енді осының барлығын біз кішкене жүрегімізге тоқып алсақ келешекте жақсы да сенімді Қазақ еліміздің нағыз "ПАТРИОТТАРЫ" боларсыздар деп үміттенем, маған бір ой келді, суретпен қалай жеткізуге болады деп ойлайсыздар?

Қорытындылау: сұрақ - жауап, сурет талдау.

Мадақтау: Сабаққа өте жақсы қатысқан балаларды мадақтау, сабақты қорытындылау.

0 дауыс

Мен, Қазақстанның патриотымын!​

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кенті Ю.А.Гагарин атындағы орта мектепің бастауыш сынып мұғалімі Саденова Меруерт Айдарқызы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен, Қазақстанның патриотымын!

Мақсаты:

Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге,өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
Оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту.
Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта

Барысы:

Ұйымдастыру.

Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз!
Ақпыз,қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-Отан – әр адамныңжүрегінежылытиерқасиеттісөз.Отан –сенің туған елің, туғанжерің, дос –жарандарың, туғантуысқаның. Отан-бұлөзіңніңтұратын, өмірсүретін, қызметететінжерің. Отанадамүшінбіреу ғана. Отандыанағатеңейді. Себебі, Отансендердіанаңдайқорғайды, көмектеседі, күшбереді.БізОтанымызды, еліміздісүйеміз. Біз, Қазақстанныңпатриотымыз!

Отан деген не, кім қалай түсінеді?

Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға түс кейпін,

Достым білгің келе ме?

Байназар:   Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен –

Биік тау, орман, тоғай көлімізді.

Аңсар:      Отан дейміз кең-байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Аягөз:        Отан- тарих, Отан – тіл,

Жасаған елің, өз- халқың.

Отан – өлең, Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Әділхан:    Отан – сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың,

Отан – өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.

Хыдырали: Отан – осы достарым,

Көңілге мұны түйе біл!

«Отан» деп өс жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл!

Хор: «Отан»

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

-Қазақстан Республикасының президенті кім?

Ел болдық ерік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.

 

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында тұр.Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар.

Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.

Базарбек: Туған өлкем

Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.

-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

-Қазақстан Республикасының президенті кім?

Ел болдық ерік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.

Аумалы- төкпелі заманды бастан кешкен қазақ халқының өзіндік басқару жүйесі болған. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, халық жағдайын жасаған шешендері, білімпаз билері, әр елде, әр ауылда сөз тыңдар ақсақалдары болған. Қазақта аты аңызға айналған Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би сияқты би-шешендер өте көп.

Көрініс: «Үш арыстың үлгілері»

Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы.

Ардақ: «Туған тілім»

Би: «Қамажай»

Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.

1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн.

Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы.

Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтапұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдіртүсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі,тыныштық пен байлықтың белгісі.

Нұрислам:

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.

Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік Елтаңбасындакөгілдір түс аясындашаңырақ бейнеленген.Шаңырақты айнала күнсәулесіндей тарап, уықтар

шаншылған. Бес жұлдыз,қанатты тұлпар бейнеленген.Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді.

Айнұр:

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбәт, әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен клешек арманы айтылған.

Ернар:             Оттай жанып жанарың

Одан қуат аламын

Әнұран ол — тынысы

Кең жазира даламның.

 

Отан туралы өлең-жырлар.

Айнұр: «Үш бақытым»

Ерсұлтан: «Отан»

Мархабат: «Отан туралы»

Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?

Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.
Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз?

«Жалғасын тап» ойынын ойнайық.

Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.

Оқушылар тақтаға шығып, келесі әріптерді көтереді.

Б- білімімді арнайтын
О- отанымды қорғайтын
Л- лаңкестікті даттайтын
А- адалдықты жақтайтын
Ш- шуағымды шашатын
А- асулардан асатын
Ғ- ғарыш сырын меңгергн
Ы- ынтымақты тең көрген
М- менмендікті жек көрген
Қ- қазаққа қызмет ететін
А- арманына жететін
З- заңды жақсы білетін
А- алға қарай жүретін
Қ- қайырымды елімнің
С- салтанатты жерімнің
Т- толықтырам сенімін
А- абыройын,жігерін
Н- намысын қолдан бермейтін
Бәрі: Мен боламын еңбекқор,
Болашағы елімнің!
Ән «Көк тудың желбірегені».

Қортынды: — Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі,

— деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз,Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарыңашық, жарқынболсын, Тәуелсізелдіңазаматтары!

0 дауыс

Мен өз отанымның патриотымын

Ыбырай Алтынсарин атындағы № 65 мектеп-гимназиясының 1 қыркүйек - Білім күніне орай өткізілген "Мен өз отанымның патриотымын" тақырыбындағы салтанатты іс шарасының бір бөлігі.

...