0 дауыс
406 көрілді
Қызанақ - помидор, томат, орыс тілінде ғана емес, әлем тілдерінде көбіне осы екі сөз қолданылады, ал қазақтар болса сөздердің жасанды баламасын ойлап табумен әлек. Балкон,велосипед,калькулятор,компьютер,интернет секілді халықаралық сөздердің бұрынғы варианттарын қолданған дұрыс емес пе?

2 жауап

0 дауыс

Бейбіт Жалелұлы ИСХАН, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ Әдебиеттану және тіл білімі ҒЗИ-дың қызметкері

Қазақ тілінде «к» мен «г» дыбыстары жуан дауысты дыбыстармен тіркеспейді және сөз басы мен аяғында («қант», құрт», «бұлт» деген сияқты сөздерді айтпағанда) екі дауыссыз дыбыс қатар айтылмайды. Бұл – тіліміздің сан мыңдаған жылдар бойы қалыптасып шыңдалған заңдылығы. Осы секілді тіліміздің өзіндік ерекшелігін аңғартатын белгілер толып жатыр. Мәселен, «помидор», «томат» деген сөздердің бірінші буынындағы «о» дыбыс-әрпі орыс тілінің емле (орфография) ережесі бойынша екпінсіз (безударный) болып саналады да, оқылған кезде «а» дыбысымен айтылады. Егер біз осы сөздерді «әлем халқының баршасы қолданады екен» дегенді желеу етіп, негізгі тұлғасын өзгертпей аламыз десек, «памыйдар», «тамат» деп алуымыз қажет еді, себебі тілімізде «екпінді», екпінсіз» деген «о» дыбысы жоқ, сондай-ақ қазақтың төл сөздерінің екінші буынында «о» дыбысы еш уақытта қолданылмаған. Сол себептен «классты» «кіләс» демей, «сынып» деп алғанымыз сияқты, «помидорды» «памыйдар» демей, «қызанақ» деп алған болатынбыз. Оқырманның мысалға келтіріп отырған «балкон», «велосипед», «калькулятор», «компьютер», «интернет» деген сөздері туралы да осыны айтуға болады. Дегенмен осы сөздердің «калькулятордан» өзгесін дыбыстық жақтан игеріп, «бәлкөн», «белесебет», «кәмпійтір», «ійінтернет» деп қазақшалай салуға болады. Атам қазақ «велосипед» деген сөзді әу баста-ақ «белесебет» деген. «Конфетті» «кәмпит» деген қазаққа «компьютерді» «кәмпійтір» дей салу да аса қиындық туғызбаса керек.
http://www.mtdi.kz/audarmashyga-komek/suraq-jawap

0 дауыс
Негізі, интернационалдық терминдерді қазақ тіліне аударудың тіпті де қажеті жоқ. Мысалы, "велосипед" сөзін "шайтанарба" деп аударып жүр кейбір журналистер )) "Қызанақ" деген сөз жоқ қазақта. Ал "помидор" деген итальян сөзін не "томат" деген ағылшын сөзін дүние жүзі пайдаланады. Бұндай мысалдар көп.
...