Әкімші(лер) деп жазған, әлде әкімші (әкімшілер) деп толық жазған дұрыс па?

0 дауыс
402 қаралым
Әкімші(лер) деп жазған дұрыс па, әлде әкімші (әкімшілер) деп толық жазған дұрыс па? Сондай-ақ, осындай сөздерге қосымша жалғау (септік, жіктік) жалғанса қалай жазылады? (әкімші сөзі жай мысал ретінде алынды)
Қазақ тілі

1 жауап

0 дауыс

Құлманов Сәрсен

Біз сіздің көкейіңіздегі сұрағыңызды әбден дұрыс түсіндік. Орыс тіліндегі ресми стильдегі мәтіндерде негізінен администратор (администраторы), администратор и/или администраторы түрінде жазылады. Бірақ администратор(ы) деп «үнемделген» (уақытты, қағазды, мәтін көлемін «үнемдеу») түрде де жазылады. Қазіргі кезде аударма барысында түпнұсқа мәтіннің тұрпат межесі мен мазмұн межесінің сәйкестігін сақтау мақсатында әкімші(лер) деп қолдану басымдық алып отыр. Алайда әкімші(лер) немесе әкімші (әкімшілер) деп жазса да мәтіннің құрылымдық және мазмұндық жағына нұқсан келе қоймайды деп санаймыз. Ал басқа қосымшалар жалғанған кезде сөздерді толық жазған дұрыс болады. Мысалы, әкімшінің (әкімшілердің), әкімшіге (әкімшілерге) және т.б.
http://www.mtdi.kz/audarmashyga-komek/suraq-jawap

127,692 сұрақ
322,287 жауап
153,250 пікір
72,713 қолданушы