+3 дауыс
3.3k көрілді

Жарнамада, теледидарда, дүкен атауларында, тауар сипаттамаларында және с.с жіберілген қателерді кім қадағалайды? Қазақ тілін "мазақ" еткендерді айыппұлмен жазалайды ма? Мәселен, таңертең метрода Абай бекетінде НP-компьютерінің жарнамасында "алыңғы" қатарда деп жазылғанын байқадым, яғни "д" әрпі түсіп қалған.

2 жауап

+1 дауыс

ф.ғ.к., доцент Б.Ж.Исхан

Біздің ойымызша, ондай қателердің болмауын жергілікті тіл басқармалары қадағалауы керек сияқты еді, бірақ сұрастырып білсек, олар «біздің құзіретімізге жатпайды» деген сияқты уәж айтып, тек ескертумен шектелеміз деді. Әзірше, елімізде дамыған басқа елдердегідей (Франция т.б.), «Тіл полициясы» деген құзырлы құрылым болмай тұр. Сондықтан сіз айтқан қателерді жіберген мекемелердің басшыларына барып, өз наразылығыңызды білдіріп, түзетуін талап етуіңізге болады. Себебі сіздің (бәріміздің) қолыңызда заңды түрде бекітілген қазақ тілі орфографиялық сөздігі бар. Соны көрсетіп, дәлелдеуге болады. Ескерте кетейік, ондай қателерді жіберіп отырған өзге ұлт өкілдері емес, өз қандастарымыз. Олар қазақша сөйлеу тілін білемін деп, сауатсыз жаза салады немесе орысша сөйлемдерді өзінің шала қазақшасымен аудара салады. Айып етпесеңіз, сіздің қойған сауалыңызда мынадай қате қолданыс жүр екен: «Қазақ тілін "мазақ" еткендерді айыппұлмен жазалайды ма?». Атам қазақ бүйтіп сөйлемейді. «Жазалайды» деген сөзіңіз өткен шақ тұлғасында тұр. Дұрысы – «жазалай ма» болуы керек.
http://www.mtdi.kz/audarmashyga-komek/suraq-jawap

0 дауыс
Тіл сақшысы яғни тіл полияциясы бар солар қадағалайды!

Ұқсас сұрақтар

...