+1 дауыс
1.1k көрілді
Арнауыт деген сөздің мағынасын таба алмай отырмын, түсініктеме бересіздер ме?

1 жауап

0 дауыс

Ең алдыңғы шепте жүруге жасақталған арнайы сарбаздарды арнауыт дейді. Көк аспанның астында, Көк байрағы желбіреп, Бойынан қуат тасқындап, Азаттық сүйген көзінен, Аңғалдығы мөлдіреп, Мінезі сынды ой кесек, Туынан ерлік аңқыған, Шаршы топта сөйлесе, Дос түгіл дұшпан балқыған, Қазақ болып туылдым!Жанын да қияр жер үшін, Арнауыт сарбаз секiлдi. Қыз да болсам ел үшін, Намысқа тосам бетiмдi. Заманды айтып зарланбай, Өткенді аңсап жырлаймын. Жар астында ән бардай, Уркене қарап тыңдаймын. Әлi күнге кетпеген, Малтаның дәмі ұртынан. Бұрымын ешкім өппеген, Сүйсіне қарап сыртынан. Қазақ қызы боп туылдым.Маңдайға біткен мүйізi, Ақ пырақ мiнген азаттық. Дөңгеленген киiзi, Шаңырағы құт болған, Жасасын мәңгі Қазақтық! Айдана Сегізбаева. Арнауыт ханың көшін бастаған Ақтабан, Елімен бірге басуда бүгін ақ қадам. Рәмізі асқақ, татулық жайлап әр ұлтты, Қайран қалдырып халық сенімін ақтаған. Желбіреп көк ту аспанда тұрса рух беріп, Елжіреп оған қарайды тіпті жат балаң. Елтаңба ғажап оюы қошқар-мүйізі Шаңырақ, жұлдыз - қазаққа лайық нақ бағаң. Әнұран тұрса жаңғырып күллі Әлемге Көлденең жұрттың жүрегі соны жаттаған. Малтасын езер, қалтасын қағар жойылып, Біздің өкімет елдің баласын баптаған. «Шүкір» дейікші, алдыңда талай мақсат бар, Өзге мемлекет дәл мұндай жолды таппаған. Мақтаудың өзі жеткіліксіз боп тұратын: Қазақстан деген ұлы еліммен мақтанам. Мұхаммед Қонқаев 87718176343

http://www.mtdi.kz/component/roketqa/deteils/59/212

...