+1 дауыс
995 көрілді
Сұраулы не леп белгісімен аяқталатын сөйлемнің соңында жақша ішінде сол сөйлемге байланысты мәлімет көзі келтірілсе не сол сөйлемнің авторының аты-жөні жазылса, жақшадан кейін нүкте қойыла ма? Әсіресе мұндай сөйлем мәтіннің ортасында кездессе қалай болады? Мысалы, Қазақстанның ең әдемі жерлерінің бірі — Көкшетау екенінде дау жоқ! (Қ.Ұ.Э. 5-том, 5-бет.) немесе “Иегі ителгінің тамағындай” деп қызықтырған, асықтырған қалыңдық! Ділдә! Мұның жары! (М. Әуезов) Бұған қатысты бірізді ереже таба алмадым.

1 жауап

0 дауыс

Рыскелді Сабырбай, Білім беру ісінің құрметті қызметкері

Құрметті Фатима! Сұраулы, сондай-ақ лепті сөйлемнің соңында жақша ішінде сол сөйлемге байланысты мәлімет немесе сол сөйлемнің авторының аты-жөні жазылғанда жақшадан кейін нүкте қойылады. Егер осыдан кейін сөйлем аяқталмаған болса онда нүкте қойылмайды. Енді өзіңіз жазған мысалдың бірін келтірейік. Қазақстанның ең әдемі азақстанның ең әдемі жерлерінің бірі — Көкшетау екенінде дау жоқ! (Қ.Ұ.Э. 5-том, 5-бет.). «Қазақстанның ең әдемі жерлерінің бірі — Көкшетау екенінде дау жоқ!» (Қ.Ұ.Э. 5-том, 5-бет.) сөйлемі мысалға алынған болатын.

http://www.mtdi.kz/audarmashyga-komek/suraq-jawap

...