Исхан Бейбіт Жалелұлы, ф.ғ.к., доцент
Құрметті Бұлғын! Жеке куәлікте немесе оны алғанға дейінгі туу туралы куәлікте қалай жазылса, солай жазу – ресми құжаттардың (бұйрықтар, грамоталар, еңбек шарттары т.б.) заңды талабы. Менің аты-жөнім жеке куәлігімде «Исхан Бейбіт Жалелұлы» делініп біршама қазақша жазылған. «Біршама» деп отырғаным, нағыз қазақшасы – «Ійісхан Бейбіт Жәлелұлы» болуы керек еді. Қазір мен барық ресми құжатқа, қазақша болсын, орысша болсын куәлігім бойынша жазамын. Бірде мен үшін біреу орысша құжат толтырып, «Исхан Бейбит Жалелулы» деп жазып жіберіп, жарамсыз болып кері оралған. Ал ресми емес жазбаларда (хат, мақала т.б. жазбалардың авторы ретінде), кез келген адам өзінің аты-жөнін өз қалауынша жаза береді. Мысалы, жеке куәлікте «Умаров» делініп кезінде қате жазылып кетсе де, өзінің ресми емес жазбаларында «Омаров», «Омар», «Омартегі», «Омарұлы» деп жаза беруіне болады. Ең дұрысы – жеке куәліктегі қателікті түзеп, жаңа куәлік алып, барлық жағдайда да бірізді етіп жазу ғой.
Ақпарат көзі: http://www.mtdi.kz/audarmashyga-komek/suraq-jawap