+2 дауыс
12.4k көрілді

Кір жуғыш машинаға киімдерді жуған едім.Бір футболкамның алдындағы қара суреті (қара краска) кофтама қара дақ болып жұғып қалыпты.Қалай кетірсем болады? Тек білетіндеріңіз жауап біріңіздерші, өздеріңіз қолданған тәсілдер болса.....

7 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен киімге қара дақ тигенде фаберликтің карандаш пятновыводитель қолданамыын. Өте жақсы кетіреді. Басқа жолын білмеймін, ал төмендегі интернеттен алынған, өзім байқап көрген жоқпын

Кез келген дақтарды кетіру Қазіргі таңда дақ кетіретін арнайы ұнтақтар мен сұйықтықтарды кез келген дүкеннен оңай тауып алуға болады. Ал сіз бір сәт сол кір-қожалақтар мен дақтардан үй жағдайында тегін әрі оңай жолмен құтылуға болатындығын ойланып көрдіңіз бе? Кез келген затты бүлдіріп алмай, дақтардан арылту үшін ең алдыменнеден тігілгенін анықтап алыңыз.Әсіресе ашық түсті нәзік материалдардың дағын кетіру ерекше ұқыптылықты қажет етеді. Сіз таңдаған көмекші құралдың материалыңызға зиянының бар-жоғын анықтау үшін матаның теріс жағына қолданып көргеніңіз жөн. Күнделікті тіршіліктекөп кездесетін дақтардан қалай құтылуға болады?

*.Шоколад, кофе және какаодан,сондай-ақ балық өнімдері менсоустан жұққан дақтарды жылытылған (ыстық емес) глицерин көмегімен кетіруге болады. 35ºС-қа жылытылған глицеринге мақтаны малып, дақты бірнеше рет ысқылап, содан кейін әдеттегідей жуыңыз.

*.Шөптерден болған дақтарды мүсәтір спирті қосылған қойыртылған сабынды ертінді жақсы кетіреді.

*.Бүлдірген және қызыл шараптан жұққан дақтарға жұмыртқаның сарысы мен глицерин қоспасы таптырмас көмекші бола алады. Дайындалған қоспаны даққа 2-3 сағаттай жағып қою керек, содан кейін мұқият жылы сумен жуып тастаңыз.

*.Аяқ киімге арналған кремнен тиген дақты кәдімгі бензиннің көмегімен кетіруге болады.

*.Қою шай киіміңізге төгіліп кетсе, саспаңыз! Сізге глицерин мен мүсәтір спиртінің қоспасы көмектеседі.

*.Егер киіміңізге қан дағы түссе, алғашында мұздай суға бірнеше сағат салып қойыңызда, кейін ыстық не жылы суға жақсылап жуыңыз.

*.Ал йодтың әсерінен болған дақты кәдімгі картоп крахмалымен кетіресіз. Дақты салқын сумен дымқылдатып, дақ жоғалғанша крахмалмен ысқылаймыз.

*.Тотықтан бүлінген киіміңізді лимон шырынымен немесе лимон қышқылының ертіндісімен тазарта аласыз.

*.Ал киіміңізді сиямен бүлдіріп алсаңыз, валерянканың көмегіне жүгінуге кеңес береміз. Бір жапырақ мақтанывалерянка тұнбасына малып алыңыз да, дақ кеткенше сүртіңіз.

*.Жаңадан тиген май дақтарын кәдімгі қайнатылған тұз ертінідісімен дереу сүрту қажет. Ол өзіне майды сіңіріп алады.

*.Жеміс-жидек, соус, шокалад және т.б май дақтарын, сондай-ақ ақ матаға үтіктен жұққан дақтарды сутек асқын тотығымен кетіруге болады. Үш пайыздық сутекті мақтаға тамызып, дақтың үстіне бірнеше сағатқа басып қоямыз. Дақ жоғалған сәтте міндетті түрде жылы сумен жақсылап сүртіп тастаңыз, себебі ол күннің әсерінен сарғайып кетуі мүмкін.Ыстан немесе күйеден болған дақты скипидар көмегімен, ал керосин дағын бензинмен кетірсеңіз болады.

*.Түрлі-түсті маталарға зәрден тиген дақты сірке суы ертіндісімен, ал ақ матаға тиген зәр дағын лимон қышқылының ертіндісін көмегімен кетірсеңіз болады.

*.Қыздар тырнаққа арналған лакты пайдалану үстінде киімдерін абайсызда бүлдіріп алып жатады. Мұндай жағадайдан сізді ацетон құтқарады. Лак кетіретін сұйықтық емес, таза ацетондыпайдаланыңыз. Дақ түгелімен жоғала салысымен басқа дақ пайда болып қалмасын десеңіз, сулы шүберекпен жақсылап сүртіп тастаңыз! Біз ұсынған дақ кетіру әдістеріматаның кез келген түріне бола бермейтінін білгеніңіз маңызды!Ертінділерді абайлап қолданыңыз. Бірден өте қатты концентрленген ертіні қолдана салмаңыз. Одан да 2-3 рәсімнен соң ғана дақтарды кетіретін өтеәлсіз ертінділерді пайдаланғаныңыз абзал. Жұмыс кезінде бензин мен ацетонды пайдалауда сақ болыңыз!
Рахмет !!!
0 дауыс
Уксус және қайнаған суды қолдан.Менің ақ рубашкама сары краска жұғып кеткен.Енді қазір бұрынғы қалпындай.
0 дауыс
Ваниш қолданып көр
0 дауыс
Киімге тиген супер кілейді калай кетіруге
0 дауыс
Vanish ті қалай қолданады?
0 дауыс
қара кофтама замаска төгім алдфм калай кетіуге болады
0 дауыс
Корьекторды қалай кетіреді?
...