0 дауыс
2.7k көрілді
Бір құрбымның жеке пәтері бар. Папам тендерден ұтып алған дейді. Ол не десем жарытып жауап айта алмады. Осы туралы сіздерден сұрайын деп едім. Тендер деген не? Тендерге қалай қатысады? Пәтер қалай ұтып алады?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қарапайым бір мысал айтайын:

Бір адам кредитке ақша алады да, кепілдігіне пәтерін қояды. Әлгі қарыз алған адам уақытында кредитін жабуға мүмкіндігі болмай қалған кезде, сот шешімімен банк ол үйді сатуға құқылы. Банк жарнамаға береді, егер нарықтағы құнына өтпесе, оны тендерге салады. Әдетте, бұндай тендерде көлік, жылжымайтын мүліктер басты қызығушылыққа ие тақырыптар. Олардың құны нарықтағы құнынан әлдеқайда арзанырақ болып шығады.
+1 дауыс
Тендер деген ол - бірнеше қатысушылардан тұратын, сол қатысушылар арасында өтетін орындалуы керек тапсырма. Солардың ішінен аталған тапсырманы ең аз сомамен және ең аз шығынмен орындағаны ұтады.

"Тендер" деген сөз ағылшын тілінен аударылғанда "конкурс" дегенге ұқсас мағына береді.
Тендердің екі түрі бар екен:
- Баға өсуі арқылы;
- Баға төмендеуі арқылы;
ммм, ал жалпы менің айтқаным дұрыс па?
Әрине, дұрыс.
...