Көңiлшеңге, көңiл жоқ деген. Шариғатта адам кешiрiмшiл болу керек деген. Бiрақ менiң мiнезiм қарама қайшылау, бiреумен жұмыс бастадым ба, егер ол адам арамдық жасаса, тек қара басын өзiн ойлап жүрсе, қайта ол адаммен жұмыс жасамаймын. Адамға пайдамды тигiзiп жүрудi ұнатамын, егер сол адам жақсылықтарымды ұмытып, дүние бiтiп кiсiленiп кетсе ондай адамға да, қайта пайдамды тигiзе беремiн деп айталмаймын, кейiн қыйналса да. Ал бiреу маған жақсылық жасаса, жақсылығын ешқашан ұмытпаймын, барлық болған кездер есiмде жүредi. Адам қандай екендiгi қыйналғаның да бiлiнедi, қыйналып жүргенде бiреу иттiк жасаса, амал жоқтан барып жәрдем сұрасам, ол адам мен сұраған затқа, бұйым, көмекке, дәрменi жете тұрып қарсылығын бiлдiрсе, күндердiң күнiнде мен де сол адамға солай жауап қайтарамын. Алма кезек дүние деген. Сенiң сұрағыңа нақты жауап қаталмаймын, ол сенiң өмiрiң, егер кешiрiмшiлдiк саған ұнаса ол да жаман емес, дұшпаның азайып, достарың көбейедi, мәртебең асады. Жауаптарды оқып бiр шешiмге келiп аларсың өзiң...