ҰЛЫ АРМАН
Ұшса құстың қанаты талатын, ұшы-қиыры жоқ Атырау мен Алтай арасындағы дархан даланы қазақ халқының білгеніне бес ғасырдай уақыт болыпты. Осынау уақыт ішінде қазақ халқының басны не күн тумады?
Солтүстігінде орыстар, шығысында қытайлар қазақтың кең байтақ даласына көз аралатса, қоқандаған қоқан арыстандай ақырған жоңғарлар қазақ жеріне тынымсыз шабуыл жасар , ел берексесін кетірген.Ел басына күн туған осындай шақта қызын күң, ұлын құл етпейтін деген қазақ тарландары атқа қонып, ел үшін етігімен су кешті.Даналар қызыл тілдің күшімен, батырлар ақ найзаның ұшымен ел мен жерді қорғап қалды. Ұлтарақтай жерін жау қолына бермеген намысты бабалар арқасында Казақстан мемлекеті құрылып, территориясы үлкен, жері бай, табиғаты әсем, экономикасы мығым алып ел пайда болды. Сан ғасыр бойы жау қолымен жағаласа жүріп, бейбітшілікті аңсаған, азаттық үшін құрбан болған сайын дала ерлерінің арманы орындалды. Алайда осы күнді қанша аңсағанымен, көре алмай арманда кеткен асыл ерлер қанша?! Соның бірі, әрі біргейі- арқаға қорамсақ салған, қолына қалам ұстаған, әрі батыр, әрі ақын Махамбет Өтемісұлы.Орыстар қазақ халқының мойынына бұғау салып, өз билігін жүргізіп, қараша халыққа қысым көрсеткенде, араша түсір хан мен аға сұлтандар орыс билігіне болысып, өз басының қамын ойлаған заманда қара халықтың мұны мен жоғын жоқтаған Махамбет батыр Исатайға қосылып, қолына қару алып, азаттық үшін алысты.
Хан ордасындағы мәнсабынан көрі, ел мүддесін биік қойған Махамбет қол бастаған Исатаймен қосылып, ашынған халық арасынан жасақ жиыды.Даңқты қолбасшы бола білген Махамбет өз әскеріне қара өлең құдіретімен де күш берген. Жалынды жырлармен халықты күреске шақырған.Елінің азаттығы үшін басын бәйгеге тіккен асыл ердің бар тілегі қааша халықтың бостандығы еді. Бірақ, түлкі заман қасқырға арыстанды жем қылып, қыранды қарғаға жеңдіріп , халық қаһарманы, өжеттік пен қайсарлықтың символы, «қорлықта жүрген халқына» «ақырып теңдік сұраған», ақиық ақын, айбынды батыр, арыстан жүректі, қыран қанатты есіл ерді арманда өткізді...
Осындай бабалар қанымен келген бейбітшілік өмірде, тәуелсіз елде өмір сүретін әрбір жан азаттықтың әр таңымен, Махамбеттей тарландармен мақтанары хақ.
..Балықты мәтінмен мәтін аталады