+2 дауыс
2.5k көрілді
Адам ата, Һауа ана мен -- Алла құлы.
Білмес деп айта алмаймын ешкім мұны.
Мал емес, адамзат қып жаратқан соң,
Адамға ұқсап жүрсе қайтеді, адамын-ай.
Ілгері заман ері елім деді,
Отаным, бала-шаға, жерім деді.
Іздегені -- жақсы сөз, жақсы әңгіме,
Ешқандай азғындыққа берілмеді.
Ел билеп, он бесінде бастай білді.
Жүрек таза, иманы тастай болды.
Қазіргі көп жігіттің ақыл-ойы
Арақ, тамақ, қатын-қыздан аспай қойды.
Қазіргі кей жігіттің ақыл-ойы
Арақ, тамақ, қатын-қыздан аспай қойды.
Шылым тістеп, айтыры өсек болды,
Аңдығаны арақ пен төсек болды.
Дүние үшін өтіріктен дос болғансып
Бар ойы бірін-бірі «жесек» болды.
Мейман күтсе, сусыны пиво болды,
Онан соң жалғасары вино болды.
Мейман күтер жақсы жері -- монша, сауна.
Жалаң бұт, атыс-шабыс кино көрді.
Сыйлағансып біреумен жолдас болды,
Көңілін ренжітіп қоймас болды.
Тұзын татып, асын жеп жолдасының
Қатынымен я қызымен ойнас болды.
Сұрқия, суайт, мәнсіз тұрысы да,
Азғындықтан аспады жұмысы да.
Қызымен жасты қызды алдау-зорлау.
Бұлай еркек болғаны құрысын да.
Кісімсіп дүние бітсе шіреңдейді,
Зорласаң да дүние беріп жүрем дейді.
Хайуанның да жәбірлесең обалы бар,
Ал адамның көз жасы жібермейді.
Жігіттер! Есің болса, арақтан қаш!
Кезігер арақ ішіп мазақтан қаш!
«Бар жамандық атасы -- арақ» деген
Арақпаз боп көретін азаптан қаш!

Тұрекеңнің бір-екі сөзі:
Атпаңдар, тіл алсаңдар, насыбайды!
Нас атсаң, нас боласың басы байлы.
Желді күні «түфі» деп жерге түкіргенде
Тезектей бет-аузыңа шашырайды.
Аптықпай ақылы толы азаматтар
Өз-өзін таза етіп асырайды.
Жараспас отыру да шылым тістеп,
Оны да қолданбаңдар қолайлы іс деп.
Түтінін өз ойымша ұқсатамын
Артыңнан арам желдей шыққан «пыш» деп.
Осындай пайдасы жоқ жұмыстардан
Қолыңды тарт, қысқанменен нәпсің күштеп.
Бұл кім Ақын ба?
Ақын . Термелер айтады
Жалгыз ана, Ана туралы ащы шындық  Нур ага деген термелер бар

2 жауап

+1 дауыс
Сен кедейсің, ар-иман кеткен ұшып,
Шайтан нәпсі жүректі алған құшып.
Тыныш өмір, салтанат саған өгей,
Азап-мазақ келеді тыным бермей.
Сен кедейсің, саулығың тоналғандай,
Не талпыныс көрмеймін оңалардай.
Алдың кірдің молаға, сол ғана ма?
Артың жүр ғой сиынып сол молаға.
Сен кедейсің, көрсетші байлық кәне?
Зейнет ақы, жөргек пұл, айлық қана,
Басқа табыс табуға арының жоқ,
Өлмес күн ғой әйтеуір, қарының тоқ.
Сен кедейсің, білімің болмай ерек,
Қағаз басты тірлігің кімге керек?
Қос диплом жатсада сандығың да,
Өзің жүрсің жалданып анда-мұнда.
Сен кедейсің, адалдық, намыстан да,
Сондықтан да ұтылдың алысқанда.
Екі қолға бір жұмыс таппай құрғыр,
Азат басын құл қылған кілең тобыр.
Сен кедейсің, кедейсің өз еліңде,
Шындық осы, өрт жансын өзегіңде...
0 дауыс
Айтар сөзім жоқ, керемет ойландырады, like

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
4 жауап
...