0 дауыс
2.0k көрілді

Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ!

Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ ,

Қой мойынды, қоян дақ  ,бөкен қабақ.

Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,

Ой желке үңірейген ,болса сағақ

 

Теке мұрын, салпы ерін ,ұзын тісті ,

Қабырғалы, жотасы болса күшті.

Ойынды еті бөп -бөлек ,омыраулы,

Тояттаған бүркіттей салқы төсті

 

Жуан ,тақыр бақайлы , жұмыр тұяқ,

Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ.

Жерсоғарлы, cіңірлі ,аяғы тік,

Жаурыны етсіз, жалпақ тақтадай -ақ.

 

Кең сауырлы, тар мықын , қалбағайлы ,

Алды- арты бірдей келсе ерге жайлы.

Келте құйрық ,қыл түбі әлді келіп,

Көтедігі шығыңқы, аламайлы.

 

Шідерлігі жуандау, бота тірсек,

Бейне жел ,тынышты, екпінді мініп жүрсек.

Екі көзін төңкеріп ,қабырғалап,

Белдеуге тыныш тұрса, байлап көрсек.

Тығылмай әм сүрінбей жүрдек көсем,

Иек қағып ,еліріп жүрсе әсем.

Шапса жүйрік мінсе берік ,жуан, жуас,

Разы емен осындай ат мінбесем.

 

Аяңы тымақты алшы кигізгендей,

Кісіні бұлбұл  қағып жүргізгендей.

Шапқан атқа жеткізбес бөкен желіс ,

Ыза қылдың қолыма бір тигізбей.

1 жауап

0 дауыс
Осы өлеңге сатылай кешенді талдау керек еді көмектесіп жіберіңіздерші
...