Сүйінбай ақын Алматы облысының Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген, сонда қайтыс болды. Қазақ халқының ақыны, айтыс өнерінің шебері. Аронұлы Сүйінбай (1815 — 1898) – қазақтың әйгілі ақыны, айтыс өнерінің майталман жүйрігі. Туып өскен жері Алматы маңы, Жамбыл ауданына қарасты Қарақыстақ елді мекені. Осы өңірден топырақ бұйырған. Шыққан тегі Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Шежіре дерегі бойынша арғы атасы Күсеп дәулескер қобызшы болған. Күсептен Арон, одан Сүйінбай туған. Сүйінбайдан туған Малыбай, Бағыжан, Жетібай есімді балаларының ұрпағы өсіп өнген.
Сүйінбайдың ақындық дарының алтын бесігі халқының ежелден қалыптасқан өнерпаздық дәстүрі. Әсіресе, ел ішінің сөз өнерін әспеттеген ұлы дәстүріне жастайынан ерте ұштап, төңірегіне ерте танылады.Бұл өлеңдері, ол бір жағынан елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын, табанды да турашыл азаматтың тұлғасын танытып отырса, екінші жағынан айтар ойын ұрымтал образ, ұтқыр ой арқылы жеткізуге шебер ақынның тегеурінді қарымын танытады.
|Ақынның бұлайша ел ісіне араласуы оның қоғамдық бетін айқындайды, бетіне адам қаратпаған әрі ақын, әрі әкім төренің аузын буып, оның төріне именбей шығып, табағынан ас, малынан бас беруге мәжбүр еткен — Сүйінбайдың тас жібітер өткір де батыл тілі. Табиғатынан талантты ақынға ел артқан сенім, ол көрсеткен сый-құрмет өшпес даңқ әперіп, бойындағы сарқылмас талант бұлағының көзін ашты. Ақын енді үй айналасыңдағы әкесінің шағын шаруашылығымен айналыспай, ағайын арасы ұсақ дау-шарға бөгелмей, ел кезіп, өмір көру, ділмар-шешен ақындармен кездесіп, олармен дидарласу арманын алға қояды.
Сүйінбай — халқымыздың поэтикасына жетік шебер тілді, жүйрік ақын. Бұған оның билер мен төрелердд сынап, мысқылдап айтқан өлеңдерінің өзі дәлел. Ақынның „Кәріілік» атты өлеңін еске алсақ, бұл да оның адамның қартая бастаған өмір белестерін айқын бейнелеп, шендестіре сөйлеуге ұста екенін танытады.