«Қаражанбасмұнай» АҚ – 40 жыл
40 жыл бұрын Маңғыстаудың екінші тынысы ашылды. Бұл К – 12 ұңғысынан қара алтынның атқылаған шағы. Сол уақыттан Қаражанбас кен орыны тұтас ТМД – ға танымал. Қазір де әлеуметтің әлеуетін көтеріп, экономиканы өрге сүйреуге зор ықпал етіп отыр. Айтулы күнге орай мұнай компаниясы қызметкерлері мен ардагерлер салтанатты жиынға қатысты. Шарада кен игерудегі тарихтан бастап, бүгінгі бағыт, болашаққа деген жоспарлар мәлім етілді.
Терістік бозашы. К – 12 ұңғысы. 302 метр тереңдік. 1974 жылы қара алтын бұрқағы аспанға атты. Алғаш ашушылар қатарында Әділ Нұрманов та бар. Ол Қаражанбас алаңын бұрғылау жоспарға енбей қалғанын айтады. Бірақ, жігіттер тәуекелге барып қазуды бастаған. Содан несібе игеріліп, молая түсті. Ал, он жылдан соң 1 млн тонна мұнай алынғандығы жария болған еді.
Әділ Нұрманов – ардагер мұнайшы
Ешқандай тамақ болған жоқ. Әр бір бригада да өздері үйінен тамақ алып келіп, столовый жоқ. Жол жоқ. Қаражанбасқа бару үшін бір күн жүру керек еді. СКЛ Ал, қазіргі жағдай адам көргісіз. Жеңіл машиналар. Түсімізде ондай көрмедік.
Ардагерлер қазір бейнеттің зейнетін көріп отыр. Әрдайым кәсіби мерекелерге шақырту алады. Компанияның 40 жылдығына орай да зейнеткерлерге 20 мың теңгеге сертификат берілді. Содан соң салтанатты жиын өтіп, белсенді қызметкерлерге облыс әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді.
Берді Өтебай –темір жонушы
Мұнай саласына пайдамызды тигізгіміз келеді. Қазақстанның әлеуметтік жағдайын көрсеткіміз келеді. Болашақта да арманым балаларымды да мұнайшы қылу.
«Қаражанбас» кен орнында әр жылда 2 млн тоннадан асырып мұнай игеріледі. Мамандардың біліктілігін шыңдау мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Себебі, иновациялы үдерістен қалмау негізгі талап. Сондай – ақ жаңа орындарды барлау жұмыстарын да басты назарда ұстап отыр.