О Ақтан жа Ақтан жас !
О Ақтан жас, Ақтан жас,
Жетімдіктің белінен ,
Асып өттер ме екенсің?
Жарық сәуле көре алмай ,
Ел шаңынан ере алмай,
Сол бойы кетер ме екенсің?
жапанға біткен жапырақ,
Жамылсаң тоңар ма екенсің?
Жазғы шыққан бүлдірген
Сұғынсаң тояр ма екенсің
Күрек тісін қасқайтып,
Сұлу сүйер ме екенсің ?
Бадана көз тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?
Білтеліні тұтатып ,
Түтінін үзбей оқ атып ,
Жау қашырар ма екенсің?
Тең құрбыңмен теңеліп ,
Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп мал жиып ,
Көрсеніңе бал құйып,
Өмір сүрер ме екенсің?
Жетімдіктен өтірсің ,
Шаң бермей әлі кетерсің.
Қажыма, Ақтан, қажыма .
Жетерсің, әлі жетерсің.
128k сұрақ
322k жауап
153k пікір
72.7k қолданушы